Бүгін Мәжіліс Ұлттық қордан балаларға төлем жасау мәселелері бойынша түзетулерді бірінші оқылымда қарады.
Ұлттық қордан балаларға 18 жасқа толғанша қаржы аударылып тұрады
1,328
оқылды

Жоба Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында әзірленді. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады. 

Заң жобасының мақсаты – Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық кірісінен балаларға ақшалай жинақ түрінде мемлекеттен алғашқы көмек беру. Кәмелеттік жасқа толғанда балаларға тұрғын үй жағдайын жақсарту немесе білім алу мүмкіндігін беру.

18 жасқа толғаннан кейін шоттағы қаражат 10 жыл бойы сақталады. Көрсетілген кезеңде азамат тарапынан талап етілмеген жағдайда шоттағы қаражатты сол адамның зейнетақы шотына аудару ұсынылады. 

Жобаға қатысу үшін қандай да бір мемлекеттік органға жүгінудің қажеті жоқ, есептеулер автоматты түрде жүзеге асырылады, есепке алуды БЖЗҚ жүргізеді. 

Жинақталған қаражатты 18 жасқа толғаннан кейін ғана пайдалануға болады және төленетін қаражат салық салудан босатылады.

Дастан Зере