«Астана» баскетбол клубы клубтар арасындағы жаңа халықаралық жарыс – Батыс Азия суперлигасында (WASL) үшінші жеңісіне қол жеткізді.
«Астана» жартылай финалға шықты
597
оқылды

Топтық кезеңдегі үшінші ойында қазақстандық клуб «СК Кувейт» командасын 85:72 есебімен жең­ді. «Астана» бұған дейін «Шабаб Аль-Ахли» (БАӘ, 80:73) және «Ша­хр­дари Горган» (Иран, 87:81) ко­мандасын есебімен жеңген. Осылай­ша, «Астана» бірінші орнымен плей-офф кезеңіне жолдама алды. Дубай­дағы жартылай финал 16 мау­сымда, шешуші кездесу 17 маусымда өтеді. Айта кетейік, 8 ко­манда әрқайсысы төрт командадан екі топқа бөлінген. Әр топтан үздік екі команда жарты­лай финалға шы­ғады.

Ж.ҚҰТТЫБАЙ