Бұл осы додада ел құрамасының қоржынына түскен екінші медаль.
Қазақстандық велоспортшы Азия чемпионатында жүлдегер атанды
769
оқылды

Малайзиядағы Нилай қаласында өтіп жатқан велотректен Азия чемпионатында қазақстандық спортшы Рамис Дінмұхамедов күміс жүлдені қанжығасына байлады.

Қазақстандық велошабандоз жарыста мәре сызығына екінші болып келді. Бас жүлде 2014 жылғы Азия ойындарының чемпионы атанған жапониялық Эйя Хасимотоға бұйырды. Қола жүлдені гонконгтық Лян Чунь Вин иеленді.

Бұдан бұрын ел құрамасы командалық жарыста қола жүлдеге қол жеткізді. Жарыс жолына ел құрамасынан Əлішер Жұмахан, Артём Захаров, Дмитрий Носков пен Рамис Дінмұхамедов шықты. Олар 4 шақырымды 4:00.4 секундта жүріп өтті.