Қазақстандық Ғұсман Қырғызбаев Qazagstan Barysy Grand Slam тур­нирінің күміс жүлдегері атанды.
Қырғызбаев – күміс жүлдегер
833
оқылды

Қазақстандық дзюдошы 66 келіге дейінгі салмақта финалда испаниялық Давид Гарсиа Торнемен шеберлік байқасты.

Испаниялық дзюдошы да осыған дейін әлемдік Гран-при додаларында жүлде алып жүрген спортшы еді.

Жекпе-жек соңына таман Давид Гарсиа Торне вазари әдісімен жеңісті жұлып алды.

Ғұсман спорттық жолында бұған дейін 2019 жылы Әбу-Дабиде өткен Grand Slam жарысында жеңімпаз атанған еді.

Осылайша, Астанада жарыстың алғашқы күні Қазақстан алтын және күміс медальға ие болды.