«АЙҚЫН-ЛИТЕР» ЖШС қарасты басылымдар мен интернет-редакциялардың материалдық-техникалық базасымен танысып шықты.
Журналистермен кездесуде Дархан Қуандықұлы Түркістандағы Ұлттық құрылтайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тіліне тиек еткен ақпараттық саясаттың тиімділігін арттыру, креативті индустрияны дамыту мәселелері талқылады. Басқосуда Мемлекет басшысының ақпараттық саясатын қайта қараудағы дәстүрлі медианың рөлі де жан-жақты сөз болды.
– Түркістандағы құрылтайда Мемлекет басшысы алдымызға үлкен міндет қойды. Жауапкершілік жүктеді. Осынау саяси кезеңде еліміздің саяси қауіпсіздігі өте маңызды. Сонымен қатар жаңа медиа дамыған шақта ақпараттық саясатты оңтайлы жүргізу де күнтәртібіне қойылды. Алдағы уақытта осы мәселені тележурналистермен, креативті индустрияда жүрген жастпрмен талқылауды жөн көріп отырмыз. Ең бірінші талқылауды мемлекеттік ақпараттық саясаттың алдыңғы шебінде жүрген «АЙҚЫН-ЛИТЕР» ЖШС және Astana TV телеарнасының ұжымымен жүргізу үшін арнайы келіп отырмыз, – деді Дархан Қуандықұлы.
Кездесуге AMANAT партиясының Хатшылары Дәулет Кәрібек пен Руслан Алишев, Nur Media холдингінің бас директоры Бақтияр Мәкен де қатысты.
Өз кезегінде, серіктестікке қарасты AIQYN газетінің бас редакторы Амангелді Құрмет, «Литер» газетінің бас редакторы Жанна Ойшыбаева, aiqyn.kz сайтының бас редакторы Асқар Беков сөз алып, контенттің мазмұнын байыту, уақыт талабына сай шығармашылық ізденіс жайында сөз қозғады.
Мұнан соң министр Дархан Қуандықұлы Astana TV мен «АЙҚЫН-ЛИТЕР» ЖШС ұжымының елеулі еңбегімен көзге түскен қызметкерлерін «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен, Құрмет грамотасы және Алғыс хатпен марапаттады.
Мұнан соң AIQYN газетінің белгілі сатирик Көпен Әмірбек атындағы «АРА» сыйлығын табысталды. Биыл бұл сыйлыққа Көпен Әмірбектің талантты шәкірттерінің бірі, белгілі сатирик Мұхтар Шерім лайықты деп танылды.
AMANAT партиясының Хатшысы Дәулет Кәрібек «АРА» сыйлығын жыл сайын дәстүрлі түрде тапсыруға партия қолдау білдіретінін айтты. Салтанатты рәсім барысында Көпен ағамыздың ұлы Жұбанышқа да демеушілер атынан бағалы сыйлық табыс етілді.