Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Мемлекет басшысына Ауыл мектептерін дамыту тұжырымдамасын таныстырды. Онда студенттердің шәкіртақысы 50 пайызға өсетіні айтылған.
Студенттердің шәкіртақысы 50 пайызға өседі – Ғани Бейсембаев
5,345
оқылды

«Биыл техникалық және кәсіптік білім алушы студенттердің 80 пайызы тегін оқиды. Қыркүйек айынан бастап олардың шәкіртақысы 50 пайызға, ал келесі жылы 100 пайызға артады. Кәсіпорындар колледж түлектерін міндетті түрде жұмысқа орналастыру шартымен мамандарды мақсатты даярлау ісіне алғаш рет атсалысып отыр», – деді министр.