Жуырда британиялық The Guardian газетінің хабарлауынша, Германиядағы Bild таблоидын шығаратын Axel Springer ком-паниясы менеджер, сайт редак-торы, корректор, хатшы және фо-торедактордан тұратын 200 шақты маманды жұмыстан шығарып, олардың орнын жасанды интеллектімен алмастыру туралы ше-шім қабылдаған. Ұйымның бас директоры Матиас Дёпфнернің сөзінше, ChatGPT секілді жасанды интеллект құралдары тәуелсіз журналистиканы бұрын-соңды болмаған сапалы деңгейге жеткізе алады екен. Дәл қазір ChatGPT-дің бұған қабілеті қаншалықты жететінін білмек болып, біз оған бірнеше сұрақ қойып көрдік.
Сауалдарымызға барынша толыққанды жауап алу үшін сұхбатымызды ChatGPT-дің «ана тілі» – ағылшынша жүргіздік. «Сен журналистерді қаншалықты алмастыра аласың?» деген сұрағымызға жасанды интеллект жап-жақсы ой айтты: «Жасанды интеллектінің тілдік моделі ретінде ақпарат беру, жазбаша контент жасау немесе зерттеуге көмектесу сияқты кейбір журналистік істерде қол ұшын бере аламын. Алайда мені журналистерді алмастыратын емес, қайта олардың мүмкіндігін арттыратын құрал ретінде қарастырған дұрыс.
– Журналистикаға сыни ойлау, зерт-теу жүргізу машығы, этикалық шешім қабылдау, сондай-ақ адами тұрғыдан пайымдау секілді құнды дүниелер керек. Бұлар мен тәрізді жасанды интеллект модельдерінде жоқ. Жасанды интеллект кейбір қайталанатын істерді автоматизациялап, процестерді оңтайландыра алғанымен, журналистерде өзіне тән көзқарас, интуиция және контекстік түсінік бар. Олар сұхбат жүргізу, қарым-қатынас құру және күрделі этикалық және құқықтық пайымдар жасау қабілетіне ие, ал оны жасанды интеллект модельдері қайталай алмайды», – делінген ChatGPT жауабында.
Ал оны біздер, яғни журналистер өз жұмысымызда дәлірек қандай бағыттарда пайдалана аламыз? Бұл сұрағымызға жауапты ChatGPT жіктеп тұрып ұсынды: «Мен секілді жасанды интеллектінің тілдік модельдері журналистерге бірнеше жолмен көмектесе алады:
Зерттеу: Мен әртүрлі дереккөзден ақпаратты тез жинай аламын, бұл журналистерге уақыт үнемдеуге және өз материалдарына сәйкес ақпаратқа қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Фактчек: Журналистер жасанды интеллект модельдерін фактілерді верификация жасауға, аргументке қарама-қарсы ақпарат табуға және потенциалды жалған ақпаратты анықтауға пайдалана алады.
Контент жасау: Жасанды интеллект материалдың нобайын жасауға тақырып қоюға көмектесіп, мақалаға балама ракурстар ұсына алады.
Тіл жағынан көмек: ЖИ модельдері бірнеше тілдегі контентпен жұмыс істейтін журналистерге мәтінді аударуға көмектесе алады.
Деректерді талдау: ЖИ үлкен деректерді өңдеуге және талдауға, паттерндерді, трендтерді немесе корреляцияларды анықтауға қол ұшын бере алады.
Аудиториямен байланыс: Ол аудиторияның бейімділігі, ыңғайы, қандай тақырыптарды немесе форматты көбірек ұнататыны жайлы ақпаратты ұсына алады».
Жақын болашақта журналистикада пайда болатын трендтер жайлы сұрағымызға ChatGPT-дің берген жауабы мынадай:
«Дата журналистика: Үлкен деректердің қолжетімділігі артып, дата-талдау техникалары күрделенген сайын дата журналистика дами түседі. Журналистер дата визуализацияны, статистикалық талдауды, сондай-ақ интерактивті құралдарды қолданатын болады.
Жасанды интеллект араласқан журналистика: ЖИ технологиялары журналистік жұмыс процесіне еніп, зерттеу жүргізуге, фактілерді етксеруге, контент жасауға көмектесетін болады.
Коллаборативті журналистика: Журналистердің бір-бірімен және алуан сала эксперттерімен коллаборациясы артып келеді. Коллаборативті қарым-қатынас, трансшекаралық зерттеулер және краудсорсингтік платформалар журналистерге ресурстарды біріктіруге, тәжірибе алмасуға және жаһандық проблемаларды бірігіп шешуге көмектеседі.
Иммерсивті сторителлинг: виртуалды шындық (VR), толықтырылған шындық (AR) және басқа да иммерсивті технологиялар хикаяларды баяндаудың жаңа мүмкіндіктерін ұсынуда. Журналистер оқырманды хикаяның қақ ортасына апаратындай иммерсивті тәжірибелер жасай алады».
ChatGPT ұсына алатын ақпараттың өзін материалға таңдап-талғамай, тексермей пайдалана беру қауіпті. Мұны ЖИ-нің өзі де «мойындады»:
«Мен дәл және қажетті ақпаратты ұсынуды көздегеніммен, ЖИ тілдік модулі ретінде өзім үйретілген мәтіндердегі ақпаратқа негізделген жауаптарды ғана беремін. Мен дәл қазіргі уақыттағы ақпаратқа қол жеткізе алмаймын немесе менде фактілерді тәуелсіз түрде верификация жасау қабілеті жоқ. сондықтан мен ұсынған ақпарат әрқашан жаңа немесе дұрыс болмауы мүмкін».
Бұл жауабынан соң, оның «білімі» қашан жаңартылғанын білгіміз келді. Өзінің жазуынша, ол 2021 жылғы қыркүйекке дейінгі ақпараттан ғана хабардар:
«Менің мақсатым – қолданыста бар біліміме сүйене отырып жалпы ақпарат беру. Бірақ мен интернетке немесе дәл қазіргі уақыттағы деректерге тікелей қол жеткізе алмаймын. Мұндай шешім құпиялылықты, қауіпсіздікті және ұсынылған ақпараттың тұтастығын сақтау үшін таңдалған. Бұрыннан қолданыстағы ақпаратқа ғана сүйену арқылы дәл қазіргі уақыт режиміндегі ақпаратта бар потенциалды бұрмалаушылықтар мен олқылықтардан аулақ болуға болады. Сонымен қатар бұл амал модельді интернеттегі жалған ақпаратты қасақана насихаттау мен таратудан сақтайды».
Журналистердің ең негізгі қаруы – ақпараттың жаңалығы екенін ескерсек, демек әзірге журналистердің ChatGPT-ден көрер пайдасы көп деуге келмейді. Сондай-ақ интернеттегі қазақтілді контенттің тым аздығы және олардың сапасының төмендігі кесірінен әсіресе қазақтілді медиа мамандарының ЖИ тілдік моделімен қоян-қолтық жұмыс істеп кете қоюы неғайбыл.
Ботагөз МАРАТҚЫЗЫ