Ыстықкөл жағалауында 6-18 жас аралығындағы ұлдар мен қыздар арасында шахматтан Батыс Азия чемпионаты өтуде. Қазіргі уақытта рапидтің нәтижесі белгілі болды.
Шахматшыларымыз барлық санаттар бойынша 7 алтын, 3 күміс және 8 қола медаль жеңіп алды. Қазақстан қоржынында 14 санатта барлығы 18 медаль бар.
Осылайша, ҚР командасы жалпы есепте бірінші орын иеленді.
Жарысқа Қазақстан, Бангладеш, Үндістан, Қырғызстан, Оман, Шри-Ланка, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан елдерінен 280-нен астам ойыншы және Халықаралық шахмат федерациясының туын көтеріп жүрген ойыншылар қатысып жатыр.