Ал доптың негізгі бағасы – 5900 теңге.
Оралдағы спорт клуб 50 допты 2,5 миллион теңгеге сатып алмақ болған
1,371
оқылды

Мемлекеттік сатып алуларды мониторинг жасау барысында тауарды қымбатқа сатып алу деректері анықталды. Бұл туралы Massaget.kz сайты хабарлады.

Мысалы, орталықтардың бірі 30 ноутбукты 550 мың теңгеден, жалпы сомасы 16,5 миллион теңгеге сатып алмақ болған. Ал тауардың шын мәніндегі бағасы 219 мың теңге. Осылайша, орталық ноутбукты екі есе қымбат етіп көрсеткен.

Антикоррупциялық қызметтің тексерісінен кейін орталық мемлекеттік сатып алу бойынша тауардың құнын қайта есептеген. Осылайша, бюджет 9,9 миллион теңгеге қысқарған.

Дәл осындай жағдай спорт клубында да бар. Мұндағылар 50 доптың әрқайсысын 50 мың теңгеге, жалпы 2,5 миллион теңгеге сатып алмақ болған. Ал тауардың негізгі бағасы – 5900 теңге.

Спорт клуб басшылығы да тауар бағасын қайта есептеп, 2 миллион теңге қысқарған.

фото:osken-onir.kz