Сонымен қатар Қазақстан құрамасының әлемдік рейтингтегі орны да белгілі болды.
Футзалдан Қазақстан құрамасының ойын кестесі жарияланды
3,324
оқылды

Жеребе нәтижесі бойынша Қазақстан құрамасы А тобында Нидерланд, Румыния және Әзербайжанмен бір топқа түскен еді. 15 қыркүйекте Пауло Рикардо Кака шәкірттері Нидерландымен сырт алаңда ойнайды.

Бес күннен кейін Қазақстан Румынияны қабылдаса, 6 қазанда сырт алаңда Әзербайжан құрамасымен кездессе, 11 қазанда өз алаңында Әзербайжанды қабылдайды. 14 желтоқсанда Қазақстан құрамасы өз алаңында Нидерландымен ойнаса, элиталық раундтың финалдық ойыны 20 желтоқсанда Румынияда өтеді.

Топ жеңімпазы Әлем чемпионатының финалдық кезеңіне тікелей жолдама алады. Екінші орын алған командалар 2024 жылдың сәуірінде өтетін өтпелі ойындарға қатысады. 2024 жылғы Әлем чемпионатын Өзбекстан қабылдайды.

Сонымен қатар Қазақстан құрамасының әлемдік рейтингтегі орны да белгілі болды. 5 шілдеде Futsalworldranking.com 2023 жылдың маусым айының қорытындысы бойынша футзалдан ұлттық құрамалардың әлемдік рейтингінің кезекті нұсқасын жариялады. Қазақстан құрамасы 1560 ұпаймен жетінші орынға жайғасты. Ал Бразилия құрамасы (1819 ұпай) көшбасшылығын сақтап қалды.

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасын Рикардо Кака жаттықтырады. Таяуда бас бапкерімен жаңа келісімшарт 2024 жылдың соңына дейін ұзартылды. Рикардо Кака 2018 жылдан бастап Қазақстан құрамасын жаттықтырып келеді. Оның жетекшілігімен біздің құрама 2021 жылы өткен Әлем чемпионатында төртінші орын алды. Бұл төрткүл дүние додасындағы ең үлкен жетістігіміз саналады.