Облыстық спорт басқармасы Ләззат Бақтиярованың туыстары мен жақындарына қайғырып, көңіл айтты.
Сурдолимпиада ойындарының жүлдегері Ләззат Бақтиярова қайтыс болды
1,331
оқылды

Семейде Сурдолимпиада ойындарының қола жүлдегері Ләззат Бақтиярова кенеттен дүниеден өтті, – деп хабарлады Abc News телеграм арнасы.

Семейлік ару түрлі әлемдік турнирлер мен дзюдо чемпионаттарында нашар еститін спортшылар қатарында Қазақстанның намысын қорғап жүрді.

Ол әлем чемпионатының, XXIV жазғы Сурдолимпиада ойындарының және алғашқы Азия-Тынық мұхиты ойындарының қола жүлдегері. Өзінің нәзіктігіне қарамастан, қыз спортта үлкен биіктерге жетті және одан да биік шыңдарды бағындыруға үлкен үміт артты.

Облыстық спорт басқармасы Ләззат Бақтиярованың туыстары мен жақындарына қайғырып, көңіл айтты.

Бір ай бұрын, 9 маусымда спортшыға Семей әкімінің қолынан Қарағайлы шағын ауданындағы жаңа пәтердің кілті табысталған болатын.