Мәжіліс депутаты Қайрат Балабиев «Заңсыз иемделінген активтерді мемлекетке қайтару туралы» заңның артықшылығы туралы айтты.
Заңсыз иемденген мал-мүлкін мемлекетке өз еркімен қайтарған бай-бағланға жеңілдік бар – Балабиев
1,219
оқылды

Президент Қасым-Жомарт  Тоқаев «Заңсыз иемделінген активтерді мемлекетке қайтару туралы» заңға қол қойды. 

Заңсыз шығарылған активтерді мемлекетке қайтару - бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Халықты Қазақстанның көптеген байлығын заңсыз иемденіп алғандар қызықтырып әрі ашындырып жатқаны жасырын емес. Заңсыз активтерді қайтаруда негізінен азаматтық тәркілеу жүйесіне сүйенеді және бұл халықаралық стандарттарға сәйкес келеді. Мұнда ең үздік шетелдік тәжірибе қолданылады. Заң жобасын дайындау кезінде АҚШ, Канада, Германия, Ұлыбритания,  Аустралия сияқты мемлекеттердің сот шеңберінде мүлікті азаматтық тәркілеу тәсілдері зерттелді. 

Оның мәнісі мынада: активтерді тәркілеу үшін заңсыз мүлік иесі өзінің лауазымы мен өкілеттіктерін пайдаланып, активтерді заңсыз иемденіп алғанын немесе қылмыстық әрекетке қатысы барын дәлелдеуі тиіс. 

Азаматтық тәркілеудің қылмыстық және әкімшілік тәркілеуден айырмашылығы, ол мерзімі өтіп кетсе де қылмыстық жауапқа тартуда ескіру мерзімдерімен шектелмейді. 

Азаматтық тәркілеу тәсілін Еуропаның Адам құқықтары жөніндегі комиссия кінәсіздік презумпциясына қайшы келмейтінін, сондай-ақ негізгі мүліктік құқықтарды бұзбайтынын мәлімдеген. 

Заңсыз шығарылған активтерді мемлекетке қайтару заңы ел үшін игілікті құжаттың бірегейі екені анық. Заңның өзіне келетін болсақ, Парламент қабырғасында негізінен талқыланып, қос палата депутаттарымен мақұлданды. Заңсыз иемделінген активтерді мемлекетке қайтару күрделі процестердің бірі, сондықтан активтерді ерікті немесе мәжбүрлі тәртіппен қайтару, яғни екі жолы қарастырылған. 

Біріншісі – заңсыз иемденген активтерді қайтару ерікті түрде қайтару, ал екіншісі Республиканың, шет мемлекеттердің сот актілері немесе шет мемлекеттердің құзыретті органдарының шешімдері негізінде мәжбүрлі түрде жүзеге асырылуы мүмкін. Өз еркімен тапсырғандарға заңда белгіленген жеңілдіктер қолданылады. Ал қаражатты жасыру сияқты заңсыздықтарға баратын болса, онда барлық құқықбұзушылықтар негізге алынып, тергеу толық жүргізіледі. 

Қайтару тетіктері ірі сыбайлас жемқорлық субъектілеріне және әкімшілік-билік ресурстары (байланыстары, ықпалы) бар адамдармен сыбайлас олигополиялық топтарға қолданылады. Сонымен қатар жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын (атқарған) субъектілерге, мемлекеттік заңды тұлғаларға, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне, сондай-ақ аталған тұлғалармен аффилирленген субъектілерге қолданылады. 

«Заң ережелерін қолдану үшін көрсетілген критерийлерге қосымша тұлғаларда Заңда белгіленген шекті сомадан – 13 млн АЕК-тан асатын (44 млрд 850 млн теңге немесе шамамен 100 млн АҚШ доллары) активтері болуға тиіс. Активтерді қайтару жұмыстарын жаңа құрылымдағы арнаулы уәкілетті орган – Бас прокуратура ведомствосы жүзеге асырады. Декларацияда субъектілер заңды тұлғаның кірістерін, активтерін, жарғылық капиталына қатысу үлестерін, Қазақстандағы және шетелдегі қарыздарды, активтердің шығу тегі туралы өзге де мәліметтерді көрсетуге тиіс. 

Егер тұлға активтерді иемденудің заңдылығын растай алмаса, онда мұндай активтер шығу тегі түсініксіз активтер деп танылады. Заңсыз шығарылған активтер Мониторинг және талдау барысында анықталады. Заңсыз иемденгендердің тізімі жабық болғанымен, активтерді қайтару процесінің ашықтығы қамтамасыз етіледі. Ол үшін арнайы комиссия жұмыс істейді. Уәкілетті орган тарапынан сатып алынған активтердің заңдылығына қатысты орынды күмән туындаса, ол активтерді қайтару жөніндегі Премьер-Министр жасақтаған, Парламент депутаттарынан, қоғам қайраткерлерінен, Үкімет мүшелерінен, мемлекеттік органдардың бірінші басшыларынан және өзге де тұлғалардан құралған комиссияға осындай субъектілер мен олардың үлестес тұлғаларын тиісті реестрге қосу туралы ұсыныстар енгізеді. Өз кезегінде комиссия тұлғаларды реестерге енгізу туралы шешім қабылдайды. Сондай-ақ әлеуметтік, саяси және экономикалық тұрақтылықты ескере отырып, активтерді қайтару жөніндегі алдағы шаралар туралы шешім қабылдайды. «Комиссия адамдарды реестерге енгізген жағдайда, уәкілетті орган бұл туралы оларды хабардар етеді және осы сәттен бастап тұлғалар активтерді иемденудің заңдылығын растай отырып, активтер туралы декларацияны бір ай ішінде не 3 ай ішінде тапсыра алады». 

Заңсыз иемденгендердің тізімі жабық болғанымен, активтерді қайтару процесінің ашықтығы қамтамасыз етіледі. Мемлекет пайдасына түскен активтер Қаржы министрлігіндегі қолма-қол ақшаны бақылау шоты саналатын Арнаулы мемлекеттік қорға беріледі. Қаражат Арнаулы мемлекеттік қордан әлеуметтік, экономикалық жобаларды қаржыландыруға жұмсалады. Заң жарияланғаннан кейін 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.