Әлемдік додада 41 елдің 500 спортшысы бақ сынап жатыр.
Жеңіс Нұрлыбаев джиу-джитсудан екінші мәрте әлем чемпионы атанды
966
оқылды

Моңғолияда джиу-джитсудан әлем чемпионаты өтіп жатыр. Атыраулық Жеңіс Нұрлыбаев джиу-джитсудан әлемнің екі дүркін чемпионы атанды

Атырау облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл – Жеңіс Нұрлыбаевтың әлемдік додадағы екінші жеңісі. 

«Моңғолияда жалауы желбіреген ересектер мен ардагерлер спортшылар арасындағы әлем чемпионаты 15 шілде басталды. Әлемдік додада 41 елдің 500 спортшысы бақ сынап жатыр. Спортшылардың арасында Қазақстан намысын қорғаған атыраулық Жеңіс Нұрлыбаев 56 келіде сынға түсті. Ол қарсыластарының бәрінен басым түсіп, джиу-джитсудан әлемнің екі дүркін әлем чемпионы атанды», – деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Жеңіс Нұрлыбаев 2021 жылы Біріккен Араб Әмірлігінің астанасы Абу-Даби қаласында спорттың осы түрінен өткен әлем чемпионатында алғаш рет алтын медаль алған.

Моңғолияда өтіп жатқан әлем чемпионатында атыраулық тағы үш спортшы өнер көрсетті. Оның бірі – әйелдер арасында сынға түскен Әйгерім Төреғожина күміс медальге ие болды.

Сонымен қатар атыраулық ардагер спортшы Русланхан Мадыханов та әлем чемпионы атағына қол жеткізді. Тағы бір ардагер спортшы – Атырау облыстық джиу-джитсу федерациясының президенті Есенғалиев Айбар қола жүлдегер атанды.