Атмосфералық фронт әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталады. Жаңбыр жауады, елдің солтүстік-батысында нөсер жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі.
Шығыста күн райы жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша жел күшейеді. Түнде еліміздің солтүстігінде шаңды дауыл, солтүстік-батысында түнде және таңертең тұман күтіледі.
Күндіз Ақмола, Жамбыл, Алматы, Жетісу, Түркістан, Қарағанды, Жамбыл облыстарында, Ұлытау, Абай Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде 35-41°С ыстық сақталады.
Алматы облысының орталығында, Жетісу облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында аптап ыстық (42°С) күтіледі.
Түркістан, Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Ақмола, Ұлытау, Абай, Жетісу облыстарында, Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, орталығында, оңтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстігінде, Атырау облысының батысында, шығысында, Қызылорда облысының орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Фото: wallpaperscraft.ru