Қазақстан құрамасы әйелдер күресін 1 күміс, 4 қола жүлдемен қорытындылады.​
Қазақстандық балуандар Азия чемпионатында жүлдегер атанды
674
оқылды

Иордания астанасы Амман қаласында өтіп жатқан әйелдер күресінен 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия чемпионатында екі қазақстандық жүлдегер атанды.

12 шілдеден бастап күрес түрлерінен 15 және 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен жастар арасында Азия чемпионаты өтіп жатыр.

Жарыстың жетінші күнінде әйелдер күресінен 20 жасқа дейінгі жастар 5 салмақ дәрежесінде сынға түсті. Олардың арасынан Шәмшиябану Тастанбек (72 келі) мен Алтын Шағаева (52 келі) жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Жарыс барысында Шәмшиябану Тастанбек финалда үнді қызы Харшита Харшитаға есе жіберіп, күміс медаль алды. Ал Алтын Шағаева қолаға қол жеткізді.

Бұған дейін ел құрамасынан Лаура Ғаниқызы (50 келі), Зейнеп Баянова (55 келі), Жібекжан Сабыржанова (68 келі) қола медаль алды.

Ал бүгін, 19 шілдеде 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы еркін күрес балуандары 57, 65, 70, 79 және 97 келі  салмақта жүлделерді сарапқа салады.