Отандық кәсіпқой боксшы Айдын Елжановтың АҚШ-та қай күні жұдырықтасатыны белгілі болды.
Жекпе-жек күні анықталды
587
оқылды

Оның осы айдың соңына жос­пар­ланған жекпе-жегі өткізілмей қалған еді. Боксшы 22 шілдеде Калифорния штатының Лонг-Бич қаласында бокс кешінде рингке шығуы тиіс болатын, бірақ жекпе-жек белгісіз себептермен өткізіл­мей­тін болды. BoxRec.com ақпара­тынша, Айдынның ендігі жекпе-жегі 26 тамызда Коммерс қаласында өтеді. Оның қарсыласы – бұрын-соңды жеңіліп көрмеген амери­калық боксшы Энди Бельтран. Жекпе-жек екінші ең жеңіл салмақ дәрежесінде өтеді, кездесу алты раундқа дейін созылады.

Естеріңізге салсақ, А.Елжа­новтың бұған дейінгі соңғы жекпе-жегі 1 сәуір күні Лонг-Бичте өткен болатын. Онда төрешілердің ше­шімімен ол мексикалық боксшы Хуан Эрнандес Мартинеспен (2-2-2) тең түскен.