«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының қол­­­­дауы­мен Түркістан қаласы әкімдігі және облыстық «Жас­тар Рухы» жастар қанатының бастамасымен ұйым­дас­ты­рыл­ған үстел теннисінен ашық турнир өз мәресіне жетті.
Жеңімпаздары анықталды
830
оқылды

Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толуына орай ұйым­дас­тырыл­ған жарыста қатысушылар үш күн бойы бақ сынады. AMANAT CUP жеңім­паздарын облыстық партия филиалының төрағасы Алтынсары Үм­бетәлиев салтанатты түрде құттықтады. 

– Спорттың денсаулық кепілі екені баршамызға аян. Біздің мақсаты-мыз – тәні мен жаны сау ұрпақ тәрбиелеу, жастардың спортқа деген қызығу­шы­лығын арттыру, ойлау қабілетін дамыту, көрген-білгені мен алған білімін те­рең­дету, салауатты өмір салтын дамыту. Турнирге қатысқан барлық тен­нисшілерді шын жүректен құттықтаймын! Барлықтарыңыз да бүгінгі жа­рыста табандылық, жоғары спорттық шеберлік және қажымас қайраттылық та­ныттыңыздар деп білемін. Турнирдің сәтті өтуіне үлес қосқан төрешілер мен бапкерлерге және қатысушыларға, сондай-ақ қолдаушыларға өз алғы­сымды білдіремін, – деді партия төрағасы.

Турнирде 200-ге жуық жасөспірім бақ сынады. Қыздар арасындағы жеңім­паздар қатарында Шодина Камилжанова, 2010-2012 жылдар ара­лығындағы жасөспірімдер арасында Мафтуни Ханиязова, ал 2005-2009 жыл­дар аралығындағы жасөспірімдер бойынша Шахзода Ахмадилиева, 2013 жылғы және одан төмен жасөспірімдердің ұлдар арасында Абай Жұ­ма­ғұл бірінші орынды еншіледі. Ұлдар арасындағы одан өзге түрлі сайыс­тарда Марлен Жұмағұл, Самат Төлебаев Әкімәлі Бақдәулет және Болат Бакуов, Ким Николай топ жарды. 

136 ұл мен 64 қыз іріктелген турнирге Түркістан облысына қарасты аудан, қа­лалардан бөлек, Шымкент қаласы, Жамбыл және Қызылорда облысы, сондай-ақ Қырғызстан мемлекетінен теннисшілер қатысты. 

Назгүл НАЗАРБЕК,

Түркістан облысы