Еліміздегі ең ірі спорттық дода – «Футбол жолы» фестивалі 8 қалада өтеді.
Қазақстанда «Футбол жолы» фестивалі өтеді
1,280
оқылды

Жанкүйерлер еліміздің ең басты футбол ойынын тамашалап, әуесқойлар турниріне қатыса алады. Ұтыс ойынында естелік сыйлықтар ойнатылады.

2023 жылы Қазақстан футболы 110 жылдық мерейтойын атап өтеді. Осыған орай Қазақстан футбол федерациясы Olimpbet халықтық букмекерлік кеңсесімен бірлесіп, ауқымды «Футбол жолы» фестивалін өткізеді. 

 

Айтулы іс-шара еліміздің түкпір-түкпірінде екі ай бойы 8 қалада кезең-кезеңімен өтеді. Фестиваль 30 шілдеде Шымкентте басталып, 16 қыркүйекте Семей қаласында аяқталады.

«Футбол жолы» маршруты:

30 шілде – Шымкент 

6 тамыз – Ақтау 

13 тамыз – Атырау

19 тамыз – Орал 

26 тамыз – Ақтөбе

2 қыркүйек – Көкшетау

10 қыркүйек – Астана

16 қыркүйек – Семей

Жанкүйерлерге Қазақстан Премьер-лигасының жүлдесін қолмен ұстап, көзбен көруге мүмкіндік беріледі. ҚПЛ-дың жеңімпазы «Астана» футбол командасының мұражайында тұрған жүлделермен естелік суретке түсуге болады.

Фестиваль өтетін жерде футболдан фристайл бойынша шеберлік сағаты мен әуесқойлар үшін турнирлер өтеді. Қатысу үшін footballfest.kz сайты арқылы өтінім бере алады.

Сонымен қатар «Футбол жолы» фестивалінде аты аңызға айналған футболшылар мен әртістерден қолтаңба алып, олармен естелік суретке түсуге болады. Ойын-сауық орындарында бағалы сыйлықтар ойнатылады. Фестивальға қатысқан жанкүйерлерге дәмді тағам, ерекше мерекелік шоу ұсынылады.  

Фестивальға қатысу тегін. Өз қалаңыздағы футбол фестивалінен қалыс қалмаңыз!