Футболдан премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 16-туры мә­ресіне жетті.
«Тобыл» «Оқжетпестен» басым түсті
842
оқылды

Аталған турды «Тобыл» (Қоста­най) мен «Оқжетпес» (Көкшетау) кез­десуі қорытындылады. Ойын барысында қостанайлық клуб 2:0 есебімен басым түсті. Нәтижесінде, «Тобыл» турнир кестесіндегі жағда­йын жақсартып, алғашқы төрт­тіктегі командаларға жақындай түсті.

Тағы бір кездесуде қарағандылық «Шахтер» Ақтаудың «Каспийін» 1:0 есебімен тізе бүктірді.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Жеті­су» мен «Ақсу», «Қайрат» пен «Мақ­тарал» 1:1, «Жетісу» мен «Ақсу» 0:0 есебімен тең түссе, «Ақтөбе» «Қай­сар­ды» 1:0, «Ордабасы» «Қызыл­жарды» 2:1 есебімен сүріндірді.

Енді 17-тур ойындары 29 және 30 шілде күндері өткізіледі.

К.ЕСІМХАН

Фото:  astanatv.kz