Кәсіби теннисшілер қа­уым­дастығы (ATP) жаңар­тылған рейтингті жария етті.
Рейтинг жаңарды
678
оқылды

Ерлер арасында Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 27-ден 26-орынға көтерілді. Тимофей Скатов 134-тен 136-орынға, Михаил Кукушкин 223-тен 229-орынға, Бейбіт Жұқаев 242-ден 270-орынға төмендеді.

Әлемде үздік үштікте бұрынғыша испаниялық Карлос Алькарас, сербиялық Новак Джокович және ресейлік Даниил Медведев тұр.

Жұптық сында алғаш рет ATP 250 турнирінің чемпионы атанған Алек­сан­др Недовесов 53-тен 8 саты жоға­ры­лап, әлемнің 45-ракеткасы атан­ды. Бұл – оның үздік көрсеткіші. А.Не­до­весов осыған дейін 48-орын­нан аса алмап еді.

Әлемдік рейтингте жұптық сын­да бұрынғыша нидерландылық Уэсли Колхоф көш бастаса, ұлыбри­таниялық Нил Скупски екінші, америкалық Остин Крайчик үшінші сатыға жайғасты.

К.ЕСІМХАН