Ақтөбеде өз ұлын жауыздықпен өлтірді деп айыпталған Артур Ахунов сотта ешкім күтпеген дерек айтты.
Ақтөбеде 4 жасар баласын өлтірген ер адам сотта жауап берді
1,072
оқылды

Ол сот отырысында 4 жасар баланы «үшемнің сыңары байқамай өлтіріп алды» деп ақталды. Бұл туралы Aikyn.kz КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.   

Сотталушы Артур Ахунов: «Ол қызыммен ойнағанды өте жақсы көретін. Олар ойнай бастады. Оны жіберіп қалғанда бетонға баспен түсті. Артынша үлкен ұлым түсінбей итеріп жіберді. Сол сәтте, ол бетін еденге соқты», – деді. 

Төрт жасар ұлын өлтірді деп айыпталған 41 жастағы қатыгез әке әр отырыста түрлі сылтау айтып, шатасып жатыр. Бұл жантүршігерлік қылмыс былтыр желтоқсан айында болған. Бірақ айыпталушы өз кінәсін мойындамай отыр. Тіпті сотта неліктен жедел жәрдем шақырмағанын да түсіндіріп бере алмады. Бірақ тергеу кезінде ол ұлының мәйітін жалдамалы пәтердің балконында он күннен астам уақыт ұстағаны анықталған. 

Кейін 4 жасар Данилдың мәйітін сөмкеге салып, таксимен алдын ала қазылған шұңқырға апарып көміп тастаған. Сот сараптамасы бала басынан алған ауыр соққыдан көз жұмғанын дәлелдеген. 

Сот сарапшысы Ырыскелді Сүлейменов: «Сол жақ маңдай бөлігінің зигоматикалық аймағында соққы болған. Содан кейін оң жақта желке жағынанда соққының ізі бар. Бұл тікелей соққы болуы мүмкін. Сынық жарақаттары да анықталды», – деді.

Бұған дейін Ақтөбеде қатыгездікпен өлтірілген 4 жасар баланың анасына іздеу жарияланған еді.