Өскеменде аз қамтылған және атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылар балаларға арналған азық-түлікпен және жуу-тазалау құралдарымен қамтылатын болды.
Мұндай арнайы жиынтықтар отбасындағы алты жасқа дейінгі әр балаға берілмек.
Аталған әлеуметтік пакетпен барлығы қаладағы 317 отбасы қамтылады. Азық-түлік – ай сайын, тұрмыстық химиялық құралдар – тоқсан сайын тегін беріледі.
Азық-түлік жиынтығына бірінші қажеттіліктегі жарма, сүт, макарон өнімдері, май, тәтті-тағамдар және баланың өсуіне қажетті басқа да азық-түліктер кіреді. Ал тұрмыстық химия жиынтығында: жуу-тазалау құралдары, тіс пастасы мен тіс щетка, сусабын және крем бар. Бұл тізім әлеуметтік көмекті алушылардың қалауы ескеріледі.
Дәурен Аллабергенұлы,Шығыс Қазақстан