Елордаға 400-ге жуық автобус керек. Бұл туралы Астана қаласының ком­муникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында «№1 Автобус паркi» АҚ басқарма төрағасы Медет Шақаев айтты.
Астанада автобус тапшы
598
оқылды

«Астана қаласының «№1 Автобус паркі» елорданың бүкіл маршруттық желісінің шамамен 70 пайызын қамтиды, яғни 38 қалалық бағдарға және 28 қала маңындағы (100%) бағдарға қызмет көрсетіп келеді. Жылжы­малы құрам Iveco, Yutong марка­лы ыңғайлы автобустардан тұра­ды. Олардың саны 700-ге жуық­тады. Кәсіпорында 1 472 адам жұмыс істеп жатыр, оның 1 013-і жүргізуші қызметінде», – деді М. Шақаев.

Жалпы, қалада 6 автобус пар­кі қызмет көрсетіп жатыр. Күн сайын елорда көшелерінде 850-ден астам автобус жүреді.

«Астанада халық саны жыл сайын артып келеді. Қазірдің өзін­де шамамен қалада 400 авто­бус жетіспейді. Біздегі автобус­тар­ды пайдалану мерзімі орташа есеппен 6-9 жылға жетті. Астана­дағы жолау­шылар тасымалы ережесі бойынша автобустардың пайдалану мерзімі 14 жылдан аспауы керек», – деді кәсіпорын басшысы.