Аймақ әлеуеті артып келеді

Абай облысының әлеуметтік-экономикалық да­муында тұрақты өсім байқалады.

Биыл алғашқы алты айда өңір кәсіпорындары 673,6 млрд теңгеге өнім өндірді. Оның негізгі үлесі, атап айтсақ, 56,3%-ы тау-кен өнеркәсібі және кенорындарын қазуға тиесілі. Бұл салада 379,5 млрд теңгеге, ал өңдеу өнеркәсібінде 269,2 млрд теңгеге өнім шығарылды. 

Өңірде ауыл шаруашылығы саласы да белсенді дамып келеді. Бұл саладағы жалпы өнім көлемі 143,7 млрд теңгені құрады. Мал саны жылдан жылға артып келеді. Ірі қара мал саны 863,7 мың, ұсақ мал – 1 471, 3 мың, жылқы – 385,5 мың, құс – 1 477, 9 мың басты құрады.

Облыста егіс егу науқаны толығымен аяқталған. Оның көлемі жалпы 654,2 гектар ауданды құрады. Оның ішінде дәнді дақылдар – 297,3 мың гектар, майлы дақылдар – 306,2 мың, картоп – 7,7 мың гектар, көкөністер – 3,6 мың, бақша дақылдары – 2 мың гектар.

Облыста инвестиция тарту бойынша жұмысқа ерекше көңіл бөлінуде. Өткен алты айда өңірге 230,5 млрд теңге тартылды.

Инвестициялардың негізгі көлемі – 163,1 млрд теңге кәсіп­орындар мен ұйымдардың өз қаражаты есебінен тартылды. Бұған республикалық бюджеттен 22,2 млрд теңге, жергілікті бюджеттен 23,6 млрд теңге бөлінген.

Абай облысында құрылыс белсенді қарқынмен жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарының көлемі 63,1 млрд теңгені құрады.

Жыл басынан бері 130,1 мың шаршы метр тұрғын үй пай­далануға берілген.

Бірінші жартыжылдықта облыста 11 773 жұмыс орны құ­рылған, оның 7 242-сі тұрақты.

Өңірдегі жұмыссыздықпен күреске бағытталған іс-шаралар да өз жемісін беріп жатыр. Жыл басынан бері жергілікті жұмыспен қамту органдарына жұмысқа орналасу үшін 12 282 адам жүгінген, оның ішінде 6 512 адам жұмысқа орналастырылды. Ақылы қо­ғамдық жұмыстарға 3 074 адам жіберілді.

Ж.МҮСІЛІМ