Сонымен қатар ауылдық аумақтарды дамытуға да ерекше көңіл бөлінген-ді. «AMANAT» партиясы ауылдық жерлерде қордаланған мәселелерді шешу мақсатында Үкіметпен бірлесіп «Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асырып жатыр. Ал Үкіметте бұл мақсатқа арналған жобалық кеңсе құру жөнінде кеңес өтті. Оған партия хатшысы Эльдар Жұмағазиев қатысты.
«Ауыл аманаты» жобасы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес былтыр бекітілген «2025 жылға дейін халықтың табысын арттыру бағдарламасы» кешенді жоспарын іске асыру мақсатында басталған болатын. Жоспарға сәйкес, 2029 жылға дейін 350 мың жаңа жұмыс орны ашылуы тиіс. Ал 2023 жылы жобаға 100 млрд теңге бөлінген еді. Жобаны жүзеге асыру мақсатында партияның барлық филиалдарында консултативтік орталықтар құрылып, азаматтарды оқыту, бастаманы ақпараттық және әдістемелік сүйемелдеу шаралары жүзеге асырылып жатыр. Жоба аясында ауыл тұрғындары бөлшек сауда желісінің талаптары мен тұтынушылардың сұранысын ескере отырып, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру жөніндегі жаңа құзыреттерді үйренеді. Осы ретте тұрғындар саны 7,7 миллион адам болатын 2400 ауылдық округті қамту жоспарланған. Сонымен қатар ауыл тұрғындарының жылдық мөлшерлемесі 2,5% жеңілдетілген несие алуына, кооператив құру және техниканы лизингке ресімдеу кезінде көмек алуына мүмкіндік пайда болады. «АМАNАТ» партиясы ауылдың әл-ауқатын жақсарту, ауыл шаруашылығын қолдау – мемлекеттің стратегиялық міндеттерінің бірі екеніне сенімді. Бұл жоба ауыл тұрғындарына өз ісін ашуға мүмкіндік бере отырып, халықтың табысын арттыруға ықпал етеді.
Премьер-Министрдің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың басшылығымен өткен жиында «AMANAT» партиясының хатшысы Эльдар Жұмағазиев «Ауыл аманаты» жобалық кеңсесінің республикалық, облыстық, аудандық және ауылдық деңгейдегі декомпозициясын, сонымен қатар ауылдарды талдауды, ауылдық округтердің мамандануын, технологиялық карталарды, кооперацияларды құрубарысы жайлы баяндама жасап, атқарылған жұмыстармен таныстырды.
Жиында «Экономикалық зерттеу институты» АҚ басқарма төрағасы Руслан Сұлтанов халықтың табысын арттыру бағдарламасының, ауылдық аумақтарды дамыту тұжырымдамасының және «Ауыл аманаты» жобасының жүзеге асырылуын бақылау бойынша ойымен бөлісті. Сондай-ақ жиында Yevniy consulting group компаниясының директоры Арман Евниевтің және «AMANAT» партиясының сарапшыларының пікірлері тыңдалды. Талқылау қорытындысы бойынша Премьер-Министрдің орынбасары Жобалық кеңсені құруды, оның ережесін әзірлеуді және кадрлық құрамды анықтауды тапсырды.