Отанды қадірлеу – әр адамның азаматтық борышы. Сондықтан отаншылдықтың дәріптелуі ұлт болашағы үшін аса маңызды. Осы орай-да елімізде жыл сайын тұрғындардың бойындағы отаншылдық сезімін арттыру мақсатында түрлі челлендж өткізу дәстүрге айналды.
Патриоттық челлендждің пайдасы мол
978
оқылды

Челлендж арқылы халыққа үгіт-на­сихат жүргізуге бо­ла­ды. Бұл үрдіс әлеу­мет­тік же­лілерде ба­­­сым­дыққа ие. Ел тұр­ғын­дары­ның бойын­дағы Отанға де­ген сүйіс­пен­­шілікті арттыру үшін мере­ке күндері көп­­теген челленж өтеді. Мә­се­лен, был­­тыр Астана қаласында елор­да­лық Ар­да­герлер ұйымы мен «Ақ ки­мешек – киелім» белсенді ұзақ өмір сүру орта­лығының ардагерлері халықты Рес­пуб­ли­ка күнімен құттықтап, пат­риоттық челлендж жасаған еді. Олар Бәйтерек мону­менті алаңына жи­налып, мемлекет­тік Әнұранды шыр­қады. Осы қатарда Семейде 3 мың сту­дент «Атамекен» әні­мен, қол­ы­на Мемлекеттік ту мен жа­лау­ша­лар ұстап челлендж жасады. «Менің Елім – менің Туым» деп аталатын ау­қым­ды акциямен «Жастар Рухы» жас­тар қа­на­тының белсенділері де чел­лендж ұйымдастырды. Олар әлеу­меттік желі­лер­де тұрғындарды өз үйінде ту ілуге шақыратын чел­лендж істеді. Бұл аталған чел­лендж­ге мыңнан астам ерікті қатыс­қан. Акция алғашында әлеуметтік же­лілерде #МеніңЕлімМеніңТуым де­ген хэш­тегпен фотосуреттер мен ви­деолар жүктеуден басталған. 

– Жалпы, бізде патриоттық ак­ция­лар жиі ұйымдастырылады. Со­ның аясында жастарды отан­сүй­гіш­тікке баулып жа­тырмыз. Оның ішін­де ең ауқымды шара ретінде атап өтетініміз – «Қайсар» әс­кери-пат­риот­тық ойыны. Осымен қа­тарынан екі рет ұйымдастырылып отыр. Жо­баға 10-11 сынып оқушылары қа­ты­са­ды. Әртүрлі патриоттық ойындар, ин­­тел­лектуалдық сұрақтар арқылы ба­лалардың білімін арттырып, фи­зи­калық қабілеттерін жаттықтырып әрі Отанға деген сүйіспеншілікті арт­­­­тыруға ықпал етеміз, – дейді «AMANAT» партиясы жа­нындағы «Жас­тар Рухы» жастар қана­тының Абай облыстық филиалының төра­ғасы Темірлан Бақтияров. 

Отаншылдық сезімді наси­хат­тау­да әскери қызметкерлер де бел­сен­ді­лік та­ны­тып келеді. Мысалы, «Ме­нің туым – менің мақтанышым!» атауы­мен еліміздегі барлық әскери қа­лашықта әскери қыз­метшілер пат­риоттық акция өткізген еді. Әскери қызметкерлер челлендж бары­сында Мемлекеттік рәміздердің маңызы мен оған деген құрметін әлеуметтік же­лілердегі суреттермен білдірді. Астанада өткен «Қы­ран елім – Қазақстаным!» ат­ты ерек­ше чел­ленж барысында елор­далық спорт­шы­лар Мемлекеттік рә­міз­дер алаңы­на жиналып, «Қазақстан – респуб­ли­кам менің» өлеңін жатқа оқып, эста­фетаны атыраулық әріптестеріне жол­­дады. Челленджді еліміздің бар­лық қа­­ласы мен өңірінде өткізу жос­пар­лан­ған. 

Жанель ҚҰТТЫБАЙ