Жазғы универсиада 28 шілде – 8 тамыз аралығында өтеді.
ХХХІ жазғы универсиада: Ел қоржынына алғашқы медаль түсті
1,366
оқылды

Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан ХХХІ Жазғы универсиадада дзюдошы Сұңғат Жұбатқан қола жүлдегер атанды, деп жазды Sports.kz сайты.

Сұңғат қола жүлде үшін белдесуде өзбекстандық Абдурахим Нутфуллоевты ұтты.

Жарыста С.Жұбатқан мажарстандық, түрікменстандық және әзербайжандық дзюдошыларды қапы қалдырды. Тек жартылай финалда жапониялық спортшыға жол берді.

Жазғы универсиада 28 шілде – 8 тамыз аралығында өтеді. Онда 10 спорт түрі бойынша 90 қазақстандық сынға түседі.