“Түн ортасында әкем хабарласты. Телефонды көтерсем: “Қалайсың, балам?” деді әкем. Жағдай сұрастық, өзі достарымен отыр екен. Сонда ол: “Балам, мен сенімен мақтанамын. Сен сияқты ұл бергеніне Құдайға рахмет айтамын” деді. Бұл сөздерінен кейін қорқып кеттім. Сөйтсем “бәрі дұрыс” дейді. Арғы жақта достары күліп жатыр екен. Сөйтіп: “Мен де сені мақтан тұтамын. Рахмет саған” дедім. Бала кезден жанымда болмай-ақ қойсын, тәрбиелемей-ақ қойсын, бірақ жай ғана жылы лебізін білдіргені молынан жетеді, күш береді”, – дейді Асылжан көзіне жас алып.
Айтуынша, әкесінің баланың жанында болуы, ақшамен қамтамасыз етуі маңызды емес.
“Менің ойымша, баланың жанында күнде болуың, көңіл бөлуің, ақшасын, сыйлығын беріп, көлік, телефон алып беруің, қымбат оқу орнында оқытқаның маңызды емес. Бастысы, осында кішкентай болсын жылы сөзі”, – деді Айгүл Иманбаеваның ұлы.