Алыстағы Алакөл ауданының орталығы Үшарал қаласы қанатын кеңге жайып ке­леді. Халық саны да артып, қалада тұр­ғындардың тұрмыстық, әлеуметтік, мә­дени-рухани қажеттіліктерін өтейтін орын­дар қатары да көбейе түскен.
Балалардың өз орталығы бар
716
оқылды

Дегенмен балалар мен жасөспірімдердің бос уа­қытын мәнді өткізуіне жағдай жасауда кемшін тұстар болғаны да рас. Осыған байланысты аудан орталығының тұрғыны Үміт Абайхан «AMANAT» партиясының аудандық партия филиалы төрағасы, ау­дандық мәслихат депутаты Қайрат Көке­баевқа «Бақытты отбасы» жобасы аясында аталған мәселені шешуге ықпал ету жө­нінде өтінішпен шыққан болатын.  

Қайрат Төребайұлы аталған өтініштің орын­далуын өзінің бақылауына алып, депутаттармен ақылдасып, балалардың бос уақытын дұрыс өткізуді қолға алуға ниет білдірген азаматтарға жеке кәсіпкер, аудандық мәслихат депутаты Н. Ирмекеевтің бос тұрған екі қабатты ғимаратын жалға немесе сатып алуға болатыны туралы айтып, қажет болған жағдайда тиісті қолдаулар көрсетілетінін жеткізеді. 

Ақыры аудан орталығының тұрғыны, жас кәсіпкер Арман Асылбеков биылғы 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнінде жет­кіншектерге лайықты тарту жасады. Жоғарыда айтылған екі қабатты ғимаратта өз қаражатына ARMAN&CENTER балалар ойын-сауық ор­талығын ашты. Ойын-сауық орталығында бүл­дір­шіндерден бастап, ересек балаларға дейінгілердің бос уақытын өздеріне де, ата-аналарына да пай­далы етіп өткізуіне қажетті барлық жағдай қа­растырылған. 

– Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев: «Балаларға ерекше назар аударуымыз керек. Себебі олардың амандығы – мемлекетіміздің жарқын болашағының сенімді кепілі» деп атап өткенін өзде­ріңіз де жақсы білесіздер. Балалар – болашаққа деген үкілі үміті­міздің тірегі. Елімізді келешекте ке­мел­дендіретін тың мақсаттарға жеткізетін де со­лар. Сондықтан олар­дың заман талабына сай білім алып, тәрбие­ленуін үнемі назарда ұстап отыру­ға тиіспіз, – деп атап өткен партия төрағасы Қ.Көкебаев аудандық мәслихат депутаттарының «Балаларымыз – ама­натымыз!» республикалық қайырымдылық жобасы аясында балаларға әрдайым қамқорлық көрсетіп, игі істерді қолдап отыратынын атап кетті. 

Орталық ашылғаннан кейін арнайы қабыл­дауға келген Үміт Абайхан мен тағы басқа да аудан азаматтары партияға алғысын айтып, ризашы­лығын білдірді.

Болат АБАҒАН,

 Жетісу облысы