Түркістандық полицейлер алаяқтықтың 45 фактісіне қатысы бар күдікті ер адамды ұстады.
Тауарды алып, табанын жалтыратқан
2,294
оқылды

«Cyberpol» арнайы тобының қызметкерлері күдіктіні Шымкент қаласынан ұстады. Қолға түскен қызылордалықтың Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстары мен Шымкент қаласы аумағындағы алаяқтықтың 45 фактісіне қатысы бары анықталды. Шығын көлемі – 6 млн теңге.

Белгілі болғандай, ер адам дүкендер мен дәріханаларда сатушылардың сеніміне кіріп, түрлі тауарларды жымқырып келген. Яғни, алаяқ көлі­гінен ақша алып келіп төлеймін деген сылтаумен тауарларды тиеген бойы оқиға орнынан ізін суыт­қан.

ҚР ҚК 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу барысында оның осыған ұқсас басқа қылмыстарға қатыстылығы анықталып жатыр.