Роналду ресми матчта баспен 145-гол соғып, кезекті рекордтық нәтижеге қол жеткізді.
Криштиану Роналду жаңа рекорд орнатты
3,855
оқылды

Португалия құрамасының және саудиялық «Аль-Наср» клубының шабуылшысы Криштиану Роналду ресми ойындарда баспен соғылған гол саны бойынша рекорд орнатты.

Футболшы араб чемпиондары клубтары кубогының ресми топтық кезеңіндегі Тунис Монастиріне қарсы ойында (4:1) гол  соқты.

Сөйтіп ол ресми матчта баспен 145-гол соғып, кезекті рекордтық нәтижеге қол жеткізді. Бұдан бұрын үздік көрсеткіш неміс шабуылшысы Герд Мюллерге (144) тиесілі болған. Ал үшінші орында испаниялық Карлос Сантильян (125).

Фото: Ahmed Yosri / Reuters