Ине­­­ні үнемдеп пайдаланған дәрігерлердің қателігі
Ине­­­ні үнемдеп пайдаланған дәрігерлердің қателігі
©Индира мен Дастан
254
оқылды
Әлсіздеу болып туған Дас­тан 1 жас 5 айлығында бронхит, жар­ты жылдан соң пневмония бо­лып ау­руханаға түскен. Осы жолы жап­пай балаларды тексеру ке­зін­­де Дастанның қанынан да әл­де­­бір күмәнді нәрсе табылған. [caption id="attachment_25408" align="alignright" width="368"]ана, инфекция ©Индира Отжанова[/caption]
«Кейін тренингтерге қатысып, ше­­­телдерге шығып, осы індет ту­­ра­лы зерттей келе «қайдан жұқ­ты, қалай болды» дегенді ой­лай­мын ғой. Ота жасамады, кото­тер қой­мады. Ине салу мен сис­те­­­мадан жұғу мүм­кін­дігі төмен. Ендеше неден бо­луы мүмкін? Әл­де, пер­зент­ха­­нада БЦЖ екпесін сал­ғанда жұқ­ты ма екен деген ой ке­леді. Се­­бебі вак­ци­на адамның тірі плаз­ма­сы­нан жасалады. Осы зат тек­се­рілмеген адамнан алынды ма? Ошақ сол жерден шықты ма екен? Бірақ ол кезде медицина құлдырап тұрған. Барлығын да үнемдейтін. Бір системаны 2 балаға инесін ауы­с­­тырып сала беретін. Тіпті, кейін екеуара әңгімеде бір медбике шприц­терді өздеріне алып қалу үшін онсыз да жетпей жатқан ине­­­ні үнемдеп пайдаланатынын айт­­ты. Иә, қалай болғанда да бұл Ал­ла­­ның бізге берген сынағы бо­­­лар деп қабылдадық», – дейді Ин­­дира Отжанова.
Бөбегінің дерті жанын қоярға жер тапқызбай жүргенде 1,5 айдан соң өзінің де баласы арқылы жұқ­­­тырып алғанын естіген ол, са­быр­лығының арқасында болса керек, жұрт секілді байба­лам салмай-ақ қабылдаған. Ата-ене­сіне, жұбайына болған жайт­ты баяндағанда, олардың көз­­­қарасы өзгере бастапты. Ашық айтпаса да әрбір әрекеттері, туыс­­тарының үйге келмей қалуы, жол­­дасының үйінен қашқақтай бе­­руі Индираға қатты соққы бо­ла­­­ды. Дегенмен ананың бар ойы баланың денсаулығы, оны аман алып қалу еді. Себебі оның дерті қатты асқынып тұрған. Бір там­шы қанда 2 миллионнан ас­там ви­­рустық жүктеме болған. Шым­кент­­тегі «Ана мен бала» орта­лы­ғын­­да 20 күн жатып ем алады. Бәрі­бір сәбиге әлі де ұзақ және тия­нақты ем қабылдау қажет. Бір күні өзі де науқастанып қа­лып, Кентау қаласындағы ау­ру­­­ханаға барғанда мұндағылар қабыл­да­май­ды. «Шымкенттегі өзіңнің ауруханаңа бар» деген ауыр сөзді естігенде онсыз да отбасынан жы­­лулық таппай жүрген ана «біз­дің ор­нымыз бұл жақта емес екен» де­ген шешімге келеді. Оның үс­­тіне, қала әкімдігінде, мек­теп­­те, одан соң телевидениеде жұ­мыс істеп, іс-шараларда жүр­гізу­ші болғаны, яғни қалаға аз да болса танымалдығы тағы бар. «Иә, алғашында ары кетсе 5 жыл­дан соң өліп қалады де­ген дұ­рыс емес ақпарат көп бол­­ды. Ауруханада жатқанда адам­­­дармен сөйлесу және қор қыз­­­меткерлерін тыңдау арқылы өмір­­мен күресуді үйрендім. Үйде жы­­лап жата бергеннен гөрі, өзім сияқ­­ты осындай дертке душар бол­­ғандармен жұмыс істеу, со­лар­­­дың ортасында болу мен үшін қолайлы еді», – дейді ол. Осы­­лайша, сол кездегі облыс ор­та­­лығына көшуге бел буады. [caption id="attachment_25414" align="alignleft" width="464"]ана, бала ©Дастан анасымен бірге[/caption] Қайын аға­сы қолдау білдіргенімен, жол­да­сы әке-шешесінің жанында қа­­латынын айтқан. Ал Индира ешкімге ренжіместен, баласының болашағы үшін сәбиін құшақтап Шымкентке көшіп кетеді. Мұнда «Балаларды СПИД-тен қорғау» қоғамдық қорында, үкіметтік емес ұйымдарда волонтер, әлеуметтік қызметкер болып жұмыс істей жүріп, нәпақасын тауып қана қоймай көптеген адаммен сөйлесу арқылы өмірге бейімделе бастады. «Өміріміздің көбі ауруханада өтті, жарты ай үйде болсақ, жарты ай ау­руханада жүрдік. Менің бар ойым баламды емдету, қарау, қада­ға­лау болды. Біреуді соттатып, не болмаса ол үшін өтемақы тө­ле­туге бас ауыртып, уақыт жоғалт­­қым келген жоқ. Қазір шүкір, үздіксіз дәрі қабылдаудың арқасында өзімде де, ұлымда да 1 тамшы қан­да бар болғаны 34-35 вирустық жүк­теме бар. Иммун тапшылығы да жо­ғарылаған», – дейді Индира әңгімесінде. Индира педагогикалық бі­лі­­мі­мен қоса психология ма­ман­­дығын меңгеріп алып, өзі де «Жан жолдас» қоғамдық қо­рын құрған. Негізгі жұмысы – осын­­дай дертке шалдыққан жан­дар­ға қол ұшын беру. 10 жыл бойы түр­лі жобаға қатысып, ауыл мек­­теп­теріндегі психологтардың бі­лі­­мін жетілдіруге атсалысады. Тіпті, ауылдағы ұлттық бірыңғай тест алдында тұрған жоғары сы­нып оқушыларына семинар-тре­­нингтер өткізіп, олардың құл­шы­нысын оятады. «Жан жолдас» қоры дәл қазір ешқандай жобамен жұ­мыс істеп жатқан жоқ. Бірақ мү­шелерімізбен бірге топтар ар­қы­лы кез келген мәселеде кө­мек сұрағандарға қолдау көрсе­те­міз. Шүкір, қазір АИТВ ин­фек­циясы бойынша елімізде жағ­дай бірқалыпты. Мемлекет тара­пынан тиісті дәрілер дер кезін­де беріліп жатыр. Негізінен, бұл дерт­тің ең бас­ты мәселесі – дәрі. Ма­ман­дар­­дың нұсқаулығы бойынша тиіс­ті дәріні күн сайын дер кезінде ішіп жүрсең, денсаулығы мықты адам­дарша жұмыс істеп, өмір сүре бересің.
Әрине, күйзеліс, ішім­­дік дегеннен аулақ болған жөн. Са­лауатты өмір салтын ұс­та­нып жүрсе, еш қиындығы жоқ. Психологияны көп оқып, жал­пы өмірдегі тәжірибемде бай­қа­ға­ным, адам өзінің осындай дерт­ке шалдыққанын білгенде қат­ты күйзеліске түсіп кетеді де өз­­ін тастап жібереді. Сәл уа­қыт­­та өлемін ғой деген ой пайда бо­­лып, өзін тастағандар шынында да өмі­рімен тез қош айтысады екен. Жалпы, бұл дерттің өзі де – психосоматика. Яғни, өз-өзіңді мо­раль­­дық және психологиялық тұр­ғы­да қолдап, дәріні уақытылы ішіп жүрсең болғаны», – дейді Ин­дира.

Дастанның інісі өмірге келеді

  Бүгінде 8-сыныпта оқитын Дас­тан өзінің дерті туралы 5 жа­сы­нан бастап біле бастаған. «Неге мен дәрі іше беремін? Қашан тоқ­­татамын?» деп анасынан сұ­рай бастаған соң, жайлап қа­ны­н­да бір вирус бар екенін айтып түсін­дірген. «Витаминка» мульт­филь­мін бірге көре отырып, түсін­ді­ріп­ті. 10 жастан асқанда АИТВ жұқ­тырғанын, анасына да осы дерт жабысқанын білген.
«Бұл сенің өміріңе кедергі жасайтын нәрсе емес, тек өмір салты деп айттым. Жалпы, өзім педагог болған соң шай үстінде мұндай індеттің қа­лай, неден жұғатынын жаймен ай­тып отырамын. Досым ретінде ашық сөйлесеміз. Сырттан толық емес ақпаратты естіп, әр жерден мәлі­мет іздеп жүргенше өзімнен естігені дұрыс. Мінезі тұйықтау. Бұл тақырыпты онша қозғағысы кел­мейді. 2 мәрте бағдарламаға шық­ты да кейін қарсылық білдірді. Әр­кімнің сұрақ қоя беретіні жақ­паса керек», – дейді анасы.
Әрине, қанша жерден өмір салты деп қа­рағанымызбен, баланың кей­бір қызығушылығын шек­тей­ді. Каратэге қатысып көріпті, жат­тығудан терлеп шыға беретін болған соң, жиі ауырып қала берген. Сондықтан бұл қызығушылықтан бас тартып, сурет салу үйірмесіне қа­тысқан. Ақпараттық техноло­гия­ға бейімділігі бар. «Дастан па­пасынан ешқашан қол үзген емес. Кішкентай кезінде де келіп, ой­натып кететін. Қазір жазғы де­малыста үнемі ауылда болады. Ата-енеммен де байланысып тұ­ра­­мын. Ол кісілерді де түсінуге бо­ла­ды. Кезінде барлық жерде де дұ­­рыс емес ақпараттар болды ғой», – дейді Индира. [caption id="attachment_25405" align="alignnone" width="1024"]Индира, Дастан, ВИЧ ©Индира мен Дастан[/caption]   Индираның тағы бір ерлігі – бүгінде екінші сәбиін өмірге әке­луге бел буған. «Жақын күндері Дас­танның інісі өмірге келеді», – дейді ана жүзіндегі қуанышты жа­сыра алмай. Өмірінде көрген қиын­дықтарынан соң өзіне қам­қор болар ер азамат қол соз­ғанда келісімін беріпті. Бүгінде жұбында ондай дерттің белгісі жоқ. Өмірге де дені сау ұрпақ әкелемін деген үміті бар. «Бұл – үлкен тәуекел. Жоспарымда болмаған еді. Тіпті, 1-2 мәрте түсік те жасаттым. Алай­да осыны Алланың берген сыйы шы­ғар деп қабылдадым. Иә, бізде әйел­дердің 40 пайызы дені сау бала туа­ды. Кесір тілігін жаса­тып, ба­ланы емізбеуге шешім қабыл­да­уымыз керек. Оған дайынмын», – дейді ол. Кейіпкеріміз алдымен бала­лар­­дың анасымен көп жұмыс істеу керек екенін айтады. Себебі олар­дың өзінде әлі қоғамнан оқ­шаулану, бөлектену мәселесі бар. Мұны қабылдап, өзін-өзі да­йындап, тәрбиелеп алмай бала­сы­на оны түсіндіріп айта алмайды. Ал өз статусын білмеген бала бәрібір дәрі қорабының сыртынан оқиды. Дұрыс емес ақпараттар жи­найды. Осылайша, өмірден тү­­ңіледі», – дейді ол. Сонымен бір­ге бұл тақырып неғұрлым жа­бық болған сайын бұл індеттің қатары да көбейеді. Өзін бөлектеп жүрген адам дәрігерге де көрінбей, ешкімге айтпай үнсіз айналаға жұқ­тырып жүре беру қаупі туын­дай­ды екен. Жалпы өмірге құлшыныспен қа­рау көзқарасының арқасында Ин­дираның ағзасындағы вирус өс­пеген. Ұйқылы жағдайда қалыпты. Дәрі­­герлер де таңғалған. «Әрине, дәріні қабылдай берудің де өзіндік қиындығы бар. Алғашқы 2-3 айда ағза бейімделгенше, тіпті қиын бола­ды. Дегенмен оны да қабыл­дау­да ішкі сеніміңнің әсері үлкен. Дәрумен ішіп жатырмын деп жеңіл қабылдап, өзіңді сендіруің керек. Сонда жеңіл өтеді. Егер қиын деп ішпей қойсаң, одан да зорға тап болуың мүмкін», – дейді ол. АИТВ – созылмалы дерт бол­ған соң мемлекет балалар жәр­­демақысы ретінде өтемақы тө­лей­­ді. «Иә, көп те емес, аз да емес. Шүкір баламның қажетіне, дұ­рыс тамақтануына жарайды. Шын­дап келгенде, кінәлілер біреуі де келіп, кешірім сұраған жоқ қой. Сон­дықтан жәрдемақы төлеп жат­­қанда да дұрыс қабылдадым. Мұ­нымен мәселе шешіліп қой­ған жоқ, әрине. Алда талай қиын­дық­тар болуы мүмкін. Келешекте достары бөлектеуі, не болмаса бір қыз­ды ұнатып қалып, ол қабыл­да­май қою мәселесі де туындауы мүмкін. Ондайда дер кезінде қол­дау көрсету қажет», – дейді бұл тура­лы Индира. Кейіпкеріміз сәбиін қолына алып, аяққа тұр­ғы­­зып алған соң аналар мен қыз­­дарға кеңес беретін орталық ашуды ар­­­мандайды. Қазір үйде шығар­ма­­шылығын дамытып, білімін ұш­тап жатыр. Бұл жетістіктің бә­­ріне сабырлығының арқасында қол жеткізген.