Шымкент қаласында самокат мінген есірткі қойып кетуші ұсталды. Күдіктіден аса ірі мөлшерде синте­тикалық есірткі тәркіленді.
Самокатпен есірткі тасыған
546
оқылды

Қала аумағында рейдтік іс-шаралар жүргізу барысында түнгі уақытта қараңғы көшеде самокат айдап жүрген жас жігіт есірткімен күресушілердің күдігіне ілікті. Тыйым салынған заттардың бар-жоғын тексеру кезінде полицейлер оның сөм­ке­сінен бірреттік доза салынған синтетикалық есірткінің 20 дана орамын және оны жасыру үшін жерді қазуға арналған пышақ тапты.

Сондай-ақ жедел уәкілдер ұсталған азаматтың пәтерін тінтіп, одан 120 грамм ұнтақ тәрізді психотроптық зат салынған пакет, 2 таразы және 19 есірткі орамын тауып, тәркіледі.

Н.САРША