Жаз кезінде әйелдердің көбі түрлі көкөніс, жеміс-жидектерді, саңырауқұлақты тұздап, герметикалық қақпақпен жауып, қысқа дайындайды. Бірақ мамандар консервіленген өнімдерді дайындау қағидалары сақталмаса, оның арты өлім-жітімге әкелу қаупі барын ескертті.
Дәрігерлер көкөніс пен жемістерді банкаға дұрыс жаппаса, арты өлімге әкелуі мүмкін екенін ескертті
1,321
оқылды

Ботулизм құрамында – Clostridium botulinum бактерияларының уы (токсині) бар тағамдарды тұтыну кезінде туындайтын тағамнан улану. Ботулизм микробтары спора түрінде кең таралған. Споралар сыртқы ортада ұзақ уақыт сақталады, мұздатуға және кептіруге төзімді.

Cанитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мамандары жемістер мен көкөністерге, азық-түлікке, үй жануарларына арналған жемге немесе ағзаның ішектеріне (мысалы, балықтардың) түскен жағдайда споралар оттегі болмаған кезде вегетативті түрге айналады және токсин құрайды дейді. Токсин 80 градус температурада 30 минутта, 100 градус температурада 10 минутта бұзылады.

    "Ауру бірнеше сағаттан 5 тәулікке дейін дамиды. Науқас айналасындағы адамдар үшін қауіп төндірмейді. Иммунитет қалыптаспайынша, қайта жұқтыруы ықтимал. Аурудың басталуы әдетте жіті болып келеді. Науқастар іштің ауырсынуына, жүрек айнуына, құсуға, дене қызуының жоғарылауына, нәжістің бұзылуына шағымданады. Содан кейін метеоризм, іш қату, іштің толуы, ауыздың құрғауы, бұлшықеттердің әлсіздігі, көру қабілетінің бұзылуы дамиды", – делінген комитет хабарламасында.

Тек өнеркәсіптік консервілерді тұтыну – ботулизмнің алдын алудың ең дұрыс жолы. Үйде дайындалған консервілерді қолдан сатып алуға, бүлінген көкөністер мен жемістерді консервілеуге жол берілмеуге тиіс. Оларды ашпас бұрын консервілері бар банкаларды тексеру керек – ыдыста ботулизм қоздырғышы дамыған кезде түбі мен қақпағы ісінуі мүмкін.

Азық-түлік өнімдері және кез келген консервілерді дастарханның үстіне қоймас бұрын қайнату, пісіру, қуыру – ботулизмнің, басқа да ішек ауруларының және тамақтан уланудың алдын алудың негізгі шарасы.

фото:kaz.zakon.kz