Кеше Астанадағы Триатлон саябағында Қазақстанда алғаш рет Bir Tolqynda заманауи би чемпионаты өтті. Оған әртүрлі жастағы 300-ден астам адам қатысты.
Жастар қанаты ауқымды би чемпионатын өткізді
802
оқылды

Сайысты «AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» жас­тар қанаты мен  Спорттық би федерацияларының қауымдастығы ұйым­дас­тырды. «Есірткіге жол жоқ!» жобасы аясында өтіп жатқан шараның сал­та­натты бөліміне «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

Жастар күніне орай өткен іс-шараның бас­ты мақсаты – жас­тар­ды саламатты өмір салтын ұстануға үндеп, бос уақытын пай­далы әрі белсенді өткізу­ге, наша­қор­лық­тан аулақ болуға шақыру.

«AMANAT»-тың Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек Bir Tolqynda чемпионаты тек би мерекесі ғана емес, жастарды қоғам ден­саулығы мен әл-ауқаты үшін күресуге бел­сенді қатыстыруға бағытталған сенімді серпін екенін атап өтті.

«Есірткімен күрес жүргізу партия мен жас­тар қанаты үшін басым бағыт сана­лады. Саламатты өмір салты – қуатты әрі гүлденген қоғамның кепілі. Біз денсаулық сақ­тау жүйесін жақсартуды көздеп қана қоймай, жастардың белсенді дамуы үшін барынша қолайлы жағдай жасауға, олар­дың өз қабілет-қарымын танытуына мүм­кін­дік беруге ұмтыламыз. Біздің сай­лауал­ды бағдарламамызда «Жастармен бір тол­қында» атты жеке тарау бар. Бүгінгі чем­пионаттың осыған ұқсас атаумен өтіп жатуының да өзіндік мәні бар деуге бола­ды. Жастарға жасампаз болу үшін мүм­кін­дік беру керек. Осы орайда біз шығар­ма­шылық бастамаларды қолдау, мәдениет пен спортты дамытуға жағдай жасау мін­­­детін өз мойнымызға аламыз», – деді ол.

Турнир қарсаңында өткен баспасөз мәс­­лихатында «Жастар Рухының» төра­ға­сы Нұржан Жетпісбаев, Республикалық Спорт­тық би федерациялары қауымдас­ты­ғының төрағасы Бауыржан Сейфуллин және әлемдік деңгейдегі бельгиялық би­ші, OG Legion X және The Cage халы­қ­ара­лық командасының мүшесі Thanh Long (CHARMANT) чемпионатқа дайындық барысы туралы айтты. Нұржан Арғынұлы Bir Tolqynda заманауи би чемпионаты жас­тар қа­наты өткізіп жатқан «Есірткіге жол жоқ!» жобасы аясында ұйымдас­тыры­лып жат­қа­нын хабарлады. «Жастар Рухы» жас­тар қа­наты өскелең ұрпақты саламатты өмір сал­тын ұстануға шақырып, есірткіге қар­сы кү­ре­суге үндейді. «Жастар Рухы» жас­­тар қа­натының төрағасы Нұржан Жет­піс­баев­тың айтуынша, жастар арасында наша­қор­лықпен күресті насихаттау – аса маңызды.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында және Ұлттық құрылтайда жас ұрпақтың ден­саулығына зиян келтіретін есірткі зат­тарының таралуына тосқауыл қоюды тап­сырды. Ресми дерекке сәйкес, Қазақ­стан­да психоактивті заттарды қолданған 108 мың адам есепте тұр. Оның ішінде ал­ко­­гольге тәуелді – 90 мың, есірткіге тәуел­ді 18 мың адам бар. Синтетикалық есірт­кі – ұлт денсаулығына үлкен қауіп. Есірткіні өн­діру мен таратуға қарсы күрес­­­ті күшейту қа­жет. Жастар қанатының маңызды мін­деті – өскелең ұрпаққа са­ламатты өмір сал­тын ұстануды, өз ден­сау­лы­ғына жауап­кер­шілікпен қарауды на­сихаттау, жастар­дың бос уақытын пайдалы өткізуге ұм­тылу және оларды спортқа баулу үшін қо­­­лайлы жағдай жасау. Осынау қызықты да серпінді чемпионат «Есірткіге жол жоқ!» жобасының қағидаттары мен құн­­­дылықтарын насихаттай отырып, есірт­­кіге қарсы күрес кезіндегі басты оқи­ғаның бірі­не айналады. Біз қоғам на­зарын есірт­кінің таралуы мәселесіне аударып, отан­дастарымызды жастарға барынша қолдау көрсетуге шақырамыз. Бидің қуаты мен күш-жігері жастарды жат әдет­тен аулақ болуға үндейді. Бұл сайыс – тек бә­секе емес, есірткіге қарсы күрестің қа­рым­ды қа­­да­мы», – деді «Жастар Рухының» төра­ға­сы Нұржан Жетпісбаев.

Өз кезегінде Спорттық би федера­ция­лары қауымдастығының төрағасы Бауыр­жан Сейфуллин қатысушылардың жеңіс­ке деген ұмтылысы, шеберлігі мен шығар­ма­шылығы аталған чемпионатты айрық­ша оқиғаға айналдырғанын айтты.

«Біздің фестиваль хип-хоп мәдение­тінің туған күнімен сәйкес келді. Аталған би жанрының пайда болғанына биыл – 50 жыл. Бұл – өте маңызды күн. Сондай-ақ осы чемпионат халықаралық Жастар кү­німен тұспа-тұс келіп, есірткіге қарсы кү­рес­ті жандандыру мақсатында өткізіліп отыр. Шығармашылық қоғамдастық бұл бастаманы толық қолдайды. Би өнері мен саламатты өмір салтын үйлестіруді ұтым­ды шешім деп бағалаймыз. Тиісінше, есірт­кімен күресетін жастар саны артып ке­леді», – деді ол.

Үздік бишілерді қазылар алқасының мүшелері анықтады. Олардың арасында брей­кингтен түрлі чемпионаттың фина­лисі B.Boy Yera, Орталық Азия аумағын­дағы көптеген фестивальдың жеңімпазы Алик, Бельгиядан келген әлемдік деңгей­дегі үздік биші Thanh Long (CHARMANT) және «Танцы» телеарна шоуының хорео-г­ра­фы Anton Pashulia aka Slam бар.

Осылайша, 6 номинация бойынша жеңімпаздар анықталды. Яғни:

1. Hip-Hop 3x3 – Айдос, Хьюго, Саня;

2. Hip-Hop new players 1x1 – Nursaya;

3. Krump 1x1 – Saint Sinner;

4. Breaking 2x2 – Simple System;

5. Breaking & House 2x2 – Маня & Ли­нара;

6. All styles 2b4 – Big Out, Twin Out, Кося, Лука.

Жеңімпаздарға арнайы ақшалай сер­тификаттар табысталды.

Ал биші Twinn Оut арнайы Red Bull Wild Card номинациясында жеңіске жетті жә­не енді ол Алматы қаласындағы Red Bull dance Your Style ұлттық финалына қа­тыса алады.

Айта кетейік, жыл басынан бері «Жас­тар Рухының» белсенділері есірткі граф­фи­тін бояп, үнемі рейдтерге шығып ке­ле­ді. Еліміздің барлық 20 өңірінде осындай 4 мыңнан астам «хабарландыру» жойыл­ды.

Сонымен қатар түрлі оқу орнында есірт­кі заттарының зияны туралы дәрістер өт­кізіледі. Сараптамалық алаңдар ұйым­дас­тырылып, онда жастар қауымы таны­мал тұлғалармен, депутаттармен кездеседі.

Бұған дейін «AMANAT» партиясы жа­нындағы Республикалық Жастарды қо­лдау кеңесінің мүшелері жасөспірімдер мен жастардың денсаулығына зиян кел­тіре­тін электронды темекінің, алкогольдік ішімдіктердің, есірткінің таралуы мен заңсыз айналымы үшін жауапкершілікті қа­таңдату мақсатында заңнамаға түзету­лер енгізуді ұсынды.

Нұрлан ҚОСАЙ