«AMANAT» партиясының халық сұранысын негізге ала отырып жасақталған сайлауалды бағдарламасы «Халықпен бірге» деп аталады. Өйткені онда еліміздің барлық өңіріндегі жұртшылықтың өтініштері саралана отырып, енгізілген.
Сайлауалды бағдарлама жүйелі жүзеге асуда
980
оқылды

Мәселен, соның бірі – мектепке дейін­гі білім беру орындарының са­нын арттыру. Осы мақсатта биыл Маң­ғыстау облысында 14 балабақша салу жоспарланған еді. Бүгінде оның 7-і ел игілігіне қызмет көрсетуді бас­тап кетті. «AMANAT» партиясы Маң­­­­­ғыстау облыстық филиалының тө­рағасы Нұрбек Қарасаев пен об­лыс­тық мәслихат депутаты Абзал Ма­рат Ақтау қаласында жаңадан ашыл­ған балабақшаларды аралап, кә­­сіпкерлердің жұмысымен та­ныс­ты. Ақтау қаласындағы Шығыс-3 шағынауданындағы 95 орындық Padıshah, 29 шағынауданындағы 100 орындық «Шах Village garden» бала­бақ­шасы иелерінің бұл бірінші ба­лабақшасы емес. Бұл кәсіп түрін ұр­шықша иіріп жүрген кәсіп­кер­лер­мен тілдескен «AMANAT» партиясы Маң­ғыстау облыстық филиалының төрағасы Нұрбек Қарасайұлы заң­ды­лық жағынан қандай да бір көмек қа­жет болған жағдайда партия қол­дау­ға, заң аясында кеңес беруге дайын екенін айтты. Кәсіпкерлер ба­ла­бақша жұмысымен, балабақша ашу жолындағы тәжірибесімен бө­лісіп, қолдауға дайын пар­тия­лас­тарына алғыс білдірді.

Ал Жамбыл облысында бұл тұр­ғыдағы басты мақсат – өңір аза­мат­тарын басыбайлы баспанамен қам­тасыз етуге ықпал ету. Партияның Сай­лауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі өңірлік Жол карта­сын­да аймақты тұрғын үй, жер учас­келерін инфрақұрылыммен қам­тамасыз ету айқын көрсетілген. Осы орайда Байзақ ауданында партияның облыстық филиалы жанындағы Өңірлік даму жөніндегі аймақтық кеңес­тің көшпелі отырысы өтіп, атал­ған мәселелердің іске асырылу ба­рысы талқыланды. Басқосуда Бай­зақ ауданы әкімінің орынбасары Дулат Жақыпбековтың баяндамасы тыңдалып, тұрғын үй, жер учас­ке­лерін инфрақұрылыммен қамтама­сыз ету мәселелері назарға алынды.

Бүгінде ауданда тұрғын үй ке­зе­гінде 2 420 адам, ал жер кезегінде 12 226 азамат тұр. Кезекте тұрған аза­маттардың сұраныстарын қана­ғаттандыру мақсатында тұрғын үй ал­қаптарын қажетті инженерлік инф­рақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар атқарылуда. Яғ­ни, 2018 жылы Жетібай, Қостөбе жә­не Мырзатай ауылдарындағы ал­қаптарға аудандық бюджет есебінен инф­рақұрылым жүргізілген. Нәти­же­сінде, 2019 жылы жоғарыда көрсе­тіл­ген елді мекендерден кезекте тұр­ған азамат-тар жер телімдерімен қам­тылған.

«Өздеріңіз білетіндей, маусым айын­да Сарыкемер ауылында көпқа­бат­ты 4 тұрғын үйдің құрылысы бас­талған болатын. Бұл үйлер биылғы жыл­дың аяғында үй кезегінде тұрған азаматтарға берілетін болады. Со­ны­мен қатар осы үйлердің құрылысын жүр­гізіп жатқан «Бином» ЖШС ке­лер жылы қосымша тағы 2 үйді өз қа­­­­ра­жа­ты есебінен салу жоспар­лану­да», – деді аудан әкімінің орын­ба­сары. 

Осындай жұмыстар жүргізіліп жат­қанына қарамастан мәселелер де жоқ емес. Атап айтқанда, ол инф­ра­құры­лым жүргізу барысында негізгі су, жарық және көгілдір отынның кейінге шегеріліп қалуы. Салынған жолдың да сапасыз салынуы тұр­ғын­дар көңілін күпті етеді. Бір айта ке­тер­лігі, инфрақұрылымнан бөлек бай­ланыс сапасына мән берілуі қажет. Тағы бір тілге тиек ете кетерлік жайт, жер телімдері кезекте тұрған аза­маттарға берілудей-ақ беріліп жа­тыр. Дей тұрғанмен, ол учаскелерге ха­лықтың үй салу деңгейі төмен. Нәти­жесінде, жүргізілген инфра­құры­лым уақытына жетпей істен шы­ғып, тіпті жекелеген бөлшек­тері­нің қолды болу фактілері тіркелуде. Сон­дықтан жер телімін беруде алды­мен тұрғындардың әлеуметтік әлеуе­тін ескеру қажет-ақ.