Бразилияның шабуылшысы Неймар енді "Әл-Хилал" клубының ойыншысы атанды.
Табыс – 320 миллион еуро: Неймар да Сауд Арабиясында доп тебетін болады
1,078
оқылды

Әлем жұлдыздарының бірі, Бразилия құрамасының шабуылшысы Неймар ресми түрде саудиялық "Әл-Хилал" клубының ойыншысы атанды. 

"Спорт Шредингера" Telegram каналының мәліметінше, Неймар 2 жылда 160 миллион еуро табыс табады. Ал жарнамалық келісімшарттар оның табысын 320 миллион еуроға дейін өсіру мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, биылғы трансферлік маусымда "Әл-Хилал" клубының қатарына сенегалдық Калиду Кулибали, португал Рубен Невеш, бразилиялық Малком қосылды.