Әзербайжан астанасы Баку қаласында нысана көздеуден 53-ші әлем чемпионатының ашылу рәсімі өтті.
Мергендер – іріктеу сынында
501
оқылды

Қазақстан құрамасы барлық са­натта жүлдеге таласады. Құрама са­пында барлығы 26 спортшы бар. Олар тапанша, Винтовка ату және жыл­жымалы нысана бойынша сын­ға түседі. Әлем біріншілігі 1 қыр­күйек­те мәресіне жетеді. Осы ара­лық­та 101 мемлекеттен келген 1 200-ден астам мерген бақ сы­най­ды. Байрақты бәсекеде Франция ас­танасында келесі жылы өтетін Олим­пиадаға 48 жолдама сарапқа салы­нып, іріктеу комиссиясына ұсы­нылады.