Ризабек биыл Алматыда өткен еркін күрестен ҚР-ның VI жазғы спартакиадасында үздік атанған болатын.
Қазақстандық спортшы еркін күрестен әлем чемпионатында жүлдегер атанды
1,558
оқылды

Иордания астанасы Амман қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен 20 жасқа дейінгі жастар арасында әлем чемпионатында Ризабек Айтмұхан күміс медаль алды.

16 тамызда еркін күрестен Ризабек Айтмұхан (92 келі) алғашқы белдесуде қырғыз спортшысы Нұрболат Адылуулуды, одан кейін канадалық Самуэль Перейраны жеңіп, жартылай финалда грузиялық Георгий Ромелашвилиді қапы қалдырды. Бірақ финалда ирандық Мохаммадмобин Голомалимиден ұтылды.

Ризабек биыл Алматыда өткен еркін күрестен ҚР-ның VI жазғы спартакиадасында үздік атанған болатын. Осыдан кейін Астанадағы ересектер арасында Азия чемпионатында күміс жүлдеге қол жеткізді.