Рыбакина алғашқы матчын сәтті аяқтады.
Рыбакина Цинциннатидегі турнирде үшінші айналымға өтті
582
оқылды

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 4-орын) Цинциннатидегі (АҚШ) турнирде алғашқы матчын сәтті аяқтап, үшінші айналымға өтті.

Sports.kz порталының хабарлауынша, Е.Рыбакина ойынды екінші айналымнан бастап, сол кезеңде латвиялық Елена Остапенкомен (WTA рейтингінде 20-шы) кездесті. Матч отандасымыздың жеңісімен аяқталды (6:7, 6:2, 6:4).

Осылайша, Елена Рыбакина жарыстың үшінші айналымына өтті.

Елена Остапенко – 2017 жылғы «Ролан Гаррос» чемпионы.