Жаздың басты спорттық ойын-сауық іс-шарасының келесі бекеті Батыс Қазақстан облысының орталығы болмақ. Фестиваль 19
тамыз күні «Ақжайық» стадионында өтеді. Кештің хедлайнері – 101 топ.
Спорт мерекесі жалғасуда: Орал «Футбол жолы» фестивалін қабылдауға дайындықты бастады
2,205
оқылды

ҚФФ еліміздің ең танымал букмекерімен бірлесіп, Қазақстан футболының 110 жылдығына орай еліміздің барлық өңірлерін қамтитын «Футбол жолы» фестивалін ұйымдастырды.

Осыған дейін іс-шара Шымкент, Ақтау және Атырауда өтті. «Футбол жолы» фестивалінің келесі аялдамасыОрал қаласы, 19 тамыз, алдағы сенбі күні ерекше кеш өтеді. Үлкен спорттық іс-шараның қонақтарын не күтіп тұр?

Басқа қалалардағыдай Оралда да футбол фристайлынан шеберлік сыныптар өтіп, әуесқойлар арасындағы 3х3 форматтағы футбол турнирі ұйымдастырылады. Сайысқа footballfest.kz ресми сайтында алдын ала тіркелген 16 жастан асқан ойыншылар қатыса алады.

Дәстүрлі түрде «Футбол жолында» спорт бағытындағы ойын-сауық аттракциондар жұмыс істейтін болады: тепкенде аяқ күшін есептейтін күшөлшем, тебу күшін өлшейтін силомер, «Точный гол» ойыны, кибераймақ, кикер және басқа да ойын түрлері. Ойынға қатысушыларға токендер беріледі, олар оны сыйлық беру аймағына барып, кәдесыйларға айырбастай алады.

Қатысушылар мен қонақтар футболдан Қазақстан чемпионатының басты трофейлері – КПЛ чемпионы тондосын, Қазақстан кубогы және Суперкубогын ұстап көріп, естелік суретке түсе алды. Сонымен қатар «Ақжайық» ФК ойыншылары жанкүйерлермен кездесіп, қолтаңбасын қалдырады.

Оралға арнайы шақырылған музыкалық 101 топ кештің қызықты әрі жарқын өтуіне жауап береді.

Қала тұрғындарының сүйікті мейрамханалары фудкортта арнайы мәзірлер ұсынады. Чиллаут-аймақтарында жаздың аптабында шөлдетпейтін сусындар мен тіскебасарлар ұйымдастырылады.

Оралдағы «Футбол жолы» фестивалі 19 тамызда сағат 16.00-де қаланың басты стадионы «Ақжайық» ФК аренасында өтеді. Кіру тегін. Толығырақ https://footballfest.kz сайтында.