Турнирдің үшінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчта елордалықтар өз алаңында «Лудогорецті» 2:1 есебімен жеңген болатын. Сондықтан Болгарияда тең нәтиже де жеткілікті еді.
«Астана» Еуропа лигасынан шығып қалды
573
оқылды

Матчтың 25-минутында Бер­нард Текпетей есеп ашты, ортаға ығысып, дәлдік танытты. Бірақ «Ас­тана» қажетті есепке төрт ми­нут­тан соң қол жеткізе алды – Дем­­бо Дарбо таразы басын теңес­тіріп тастады. Командалар үзі­ліс­ке дәл осы есеппен кетті. Ал екін­­ші таймда тек болгария­лық­тар гол соқты. 47-минутта Якуб Пёт­ровский алыстан жақын бұ­рышты дәл көздеді. Екі минуттан соң Текпетей оң қанатта екі қор­ғаушыдан өтті де, алыс тоғыз­дық­қа жойқын соққы жасады – Йосип Чондрич тағы да шарасыз қал­ды. 58-минутта Якуб Петров­с­кий дубль жасаса, артынша Ки­рил Десподов та қанжығасын май­лады. Осылайша, 5:1 есебімен жең­ген болгариялық клуб Еуропа ли­гасының плэй-офф кезеңіне шық­ты. Онда енді нидерландтық «Аякспен» күш сынасады. 

Ал «Астана» енді жарыс жо­лын Конференция лигасында жал­ғастырады. Турнирдің плэй-офф кезеңінде елордалықтар ал­баниялық «Партизанимен» күш сынасады.