«Футбол жолы» Қазақстан аумағы бойынша салтанатты шеруін жалғастыруда. Аталмыш жоба бұған дейін Шымкент, Атырау және Ақтау қалаларында ұйымдастырылған болатын.
Футбол біріктіреді! Оралда ҚФФ және Olimpbet ұйымдастырған спорттық ойын-сауық фестивалі өтті
589
оқылды

Оралдықтар үшін өткен апта футбол фестивалінің өтуімен есте қалды. Алдымен жергілікті «Ақжайық» ФК Бірінші лига турнирінде өз алаңында матч өткізді. Артынша кәсіби ойыншылар өнер көрсеткен стадионда жаппай іс-шара ұйымдастырылды. Орал – «Футбол жолы» фестивалі өткен төртінші қала болды. Мұнда да алдыңғы аялдамалардағыдай іс-шара өте көңілді өтті.

Еске сала кетейік, бұл мерекені ҚФФ Қазақстан футболының 110 жылдығына орай еліміздегі ең танымал букмекер – Olimpbet-пен бірлесіп ұйымдастырды.

Орал тұрғындары ұйымдастырушылардың арқасында еліміздегі үш негізгі футбол кубогын: Қазақстан Премьер-лигасының чемпиондық тондосын, ҚР кубогы мен Суперкубогын өз көздерімен тамашалады. Сонымен қатар  фестиваль қатысушылары «Ақжайық» ФК ойыншыларынан қолтаңба алып, олармен тілдесіп, суретке түсу мүмкіндігіне ие болды.

Дәстүрлі түрде 3х3 футбол турнирі фестиваль бағдарламасының ажырамас бөлігі ретінде үлкен сұранысқа ие болды. Ондаған әуесқой команда кәсіпқой футболшылардың өзі қызыға қарайтындай шебер ойын көрсетті. 

Сонымен бірге фестивальда түрлі конкурстар мен ойын-сауық аттракциондары ұйымдастырылды: панна, сабсоккер, футбол дартс және тағы басқалары.

«Футбол жолы» – бұл спорттық ойын-сауық фестивалі деп бекер аталмаған. Оны мәдени-бұқаралық іс-шара қатарына жатқызуға болады. Себебі  фестиваль аясында қатысушылар керемет музыкалық атмосфераны сезініп, тамаша көңіл күймен қуаттанды. Мәселен, Оралдағы шоу-бағдарламаның басты хедлайнері атақты "101" тобы болды.

Дәмді тағамды ұнататындар да дән риза. Себебі  олар үшін әртүрлі тағамы бар фуд-корт ашылды. Ал демалу үшін арнайы чилл-аут аймағы ұйымдастырылды.

«Футбол жолы» сіздің қалаңызға келуін күтесіз бе? Олай болса, кестені қадағалап, ауқымды фестивальмен қауышуға дайындалыңыз!

Келесі аялдама – Ақтөбе қаласы. 26 тамызда «Футбол жолы» бас стадион алаңында ақтөбеліктерге ұмытылмас әсер сыйламақ. Толық ақпаратты фестиваль сайтынан білуге болады.

Қазақстан қалаларындағы «Футбол жолы» фестивалінің кестесі: 

  • 26 тамыз – Ақтөбе
  • 2 қыркүйек – Көкшетау
  • 10 қыркүйек – Астана
  • 16 қыркүйек – Семей