«AMANAT» партиясының баспасөз орталығында студенттік жатақханалардың жаңа оқу жылына дайындығы мәселесі талқыланды.
Ең нашар 11 жатақхананы анықтады
898
оқылды

Оған партия жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанатының төрағасы Нұржан Жетпісбаев және студенттік омбудсмен Айсұлу Ерниязова қатысты.

«Жастар Рухының» төрағасы Нұр­жан Жетпісбаевтың айтуынша, кейінгі 3 жылда партия мен жастар қа­наты студенттердің жатын орны мә­селесін жүйелі көтеріп, шешіп ке­­леді. Студенттердің өмір сүру жағ­­­дайын жақсарту мәселесі – пар­тияның «Халықпен бірге!» сай­лауалды бағдарламасында қам­тыл­ған негізгі басымдықтардың бірі.

«Ел жастарының басым бөлігі – студенттер. Бүгінде олардың са­­ны 1 милионнан асады. Пар­тия­ның сайлауалды бастамаларын жү­зеге асыру аясында сұранысқа ие бағыттар бойынша жоғары білім алуға арналған гранттар саны 2025 жыл­ға қарай 1,5 есе өседі. Сонымен қа­тар партияның сайлауалды бас­та­малары жастарға жатақхана же­тіспеушілігі мәселесін де қамтыды. 2027 жылға дейін жыл сайын ел ау­мағындағы жатақханаларда 10 мың төсек-орын қалыптастыру жос­парлануда», – деді жастар қа­натының төрағасы.

Орын тапшылығы мәселесінен бө­лек, жыл сайын тамыз-қыркүйек ай­ларында жатақханалардың са­ни­тарлық нормаларға сай келмеуі проблемасы шиеленісе түседі. Осы мә­селелердің алдын алу мақса­тын­да жыл сайын жаңа оқу жылы қар­­саңында жастар қанаты ел ау­ма­­ғындағы барлық жатақханаға мо­ниторинг жүргізеді.

«14 тамыздан бері жастар қа­на­ты депутаттық корпуспен, жас­тар­ды қолдау кеңесінің мү­ше­лерімен, жергілікті атқарушы органдармен, өңірлік Төтенше жағдайлар депар­та­ментімен және жастар ұйым­да­ры­­мен бірге ел аумағындағы ЖОО мен ТжКБ жатақханаларына жап­пай мониторинг жүргізіп жатыр. Осы уақыт аралығында білім ор­да­лары мен колледждердің 237 жа­тақ­ханасы тексерілді. Жоғары оқу орындарындағы жатақханалардың 70-і – жақсы, 39-ы – орташа жағ­дай­да. 2 жатақханада құрылыс жұ­мысы жүргізіліп жатыр. Ал кол­ледж­дердегі 126 жатақхананың 75-і – жақсы, 36-сы – орташа, 13-і – на­шар жағдайда. 2 жатақха­на­да құрылыс жұмысы жүріп жа­тыр. Апта соңына дейін тағы 426 жа­тақ­хана тексеріледі», – деді Нұр­жан Жетпісбаев.

Мониторинг барысында 11 жа­тақханада санитарлық және қауіп­сіздік нормаларының сақтал­мауы, су крандарының жұмыс іс­темейтіні, сынық кафельдер, оқу залдарының өз мақсатында пайда­ланылмауы, студенттердің бос уақытын тиімді өткізуге арналған орын­дардың болмауы анықталды. Олардың арасында «С.Жандосов атындағы Қаскелең кәсіптік-тех­ни­калық колледжі», «Петропавл жоғары құрылыс-экономикалық колледжі», «Теміртау кәсіптік-тех­никалық колледжі», «Ө.Байқоңы­ров атындағы Жезқазған универ­си­теті», «Ақмешіт» гуманитарлық-тех­никалық институты» және өзге да жоғары оқу орындары мен кол­ледждердің жатақханалары бар.  

Сондай-ақ партияның бас­па­сөз алаңында студенттік омбудс­мен Айсұлу Ерниязова сөз сөйлеп, атқарылып жатқан жұмыстарға тоқ­талды.

«Омбудсмен институты Ғылым және жоғары білім министрінің бас­тамасымен 2022 жылы қыр­күйек­те құрылды. Студенттердің құ­қығы жөніндегі уәкіл білім алу­шылардың құқығын қорғаумен, олардың мүддесін ілгерілетумен айналысады. Бұл институтты ен­гізу­дің уақыты жеткені мен қажет­ті­­лі­гін көрсеткен бірінші жағдай – жыл басында жатақханаларды бөлу кезіндегі дағдарыс. Көп жағ­дайда студенттер өз құқығының бұ­зылғанын айтып, шағымданудан жас­қанады. Сондықтан біз барлық аймақта жауапты омбудсмендерді бекіттік. Олар өңірлердегі студент­тер­ге толық қамқорлық жасап, пар­тия­ның жастар қанатымен бір­ге жатақханаларда мониторинг жүр­гізу жұмысына белсенді ара­ла­сады. Бірлесіп студенттердің құ­қы­ғын қорғаймыз, олардың талап-ті­легін орындаймыз деген сенім­дімін», – деді омбудсмен.

Еске сала кетейік, жатақха­на­лар­да мониторинг жүргізу жұмысы ел аумағында қарқынды жүріп жатыр. Бүгін бұл жұмыс елордада басталады. Жастарды кеңінен қамту, сондай-ақ студенттерге қа­тысты құқықбұзушылықтарды не­месе жатақханалардың норма сәй­кес келмеуін анықтау үшін ар­найы жедел желі іске қосылды. Әрбір қазақстандық студент келесі нө­мірлер бойынша өз өтініш-тіле­гімен жүгіне алады:

Студентік омбудсмен: instagram: @aisulu818

Ғылым және жоғары білім ми­нистр­лігіндегі ахуалдық ор­та­лық – Сall-центр +77002551443.

«Жастар Рухы»: +7 776 558 4439 (wat­sapp), немесе Instagram әлеу­мет­тік желісіндегі @jastar_ruhy ак­каунты.