Футболдан Азия клубтарының басты додасына жеребе тартылды.
Роналду Тәжікстанда, Бензема Өзбекстанда доп тебуі мүмкін – Жеребе тартылды
1,920
оқылды

Куала-Лумпурде футболдан Азия құрлығының басты додасы саналатын чемпиондар лигасының жеребесі өтті. Аталмыш турнирде Орталық Азия елдерінен 6 клуб қатысады.

Тәжікстан мен Түрікменстаннан бір-бір команда қатысса, өзбек ағайындардан 4 бірдей клуб құрлықтың басты бәсекесінде ойнайтын болады.

Жанкүйерлердің назары Криштиану Роналду ойнайтын "Әл-Наср" клубына ауды. Саудиялық клуб "Е" тобына түсіп, алдағы маусымда Тәжікстанның "Истиклолымен", Қатардың "Әл-Дуахилімен", сондай-ақ Иранның "Персеполисімен" күш сынасады.

Реалдың тағы бір экс-жұлдызы Карим Бензема өнер көрсететін "Әл-Иттихад" клубы "С" тобында Өзбекстанның "АГМК" клубымен, Ирак елінің "Әл-Кува Әл-Джавия" командасымен, сондай-ақ Иранның "Сепаханымен" кездеседі.

Естеріңізге сала кетейік, ойындар 18 қыркүйек пен 13 желтоқсан аралығында өтеді.