Кентау қаласының тұрғындарымен кездесу барысында «AMANAT» партиясының фракция жетекшісі, Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев жылыту маусымы басталғанға дейін аяқталуға тиіс жөндеу жұмысының барысымен танысты.
Кентау жылусыз қалмауға тиіс
722
оқылды

«Елімізде өңірлердегі энергетикалық инфрақұрылымның тозығы жеткені жасырын емес. Бұл туралы Мемлекет басшысы бірнеше рет айтқан болатын. Қыстағы Екібастұз, Риддер және Теміртау қалаларында жарық пен жылудың сөнуіне әкеп соққан апатты ұмытқан жоқпыз. Кентау ЖЭО-де дәл осындай жағдай қайталануы мүмкін. Стансадағы жылу қазандықтары әбден тозығы жетіп, үнемі істен шығып тұрады. Бірнеше жыл бұрын қала тұрғындары қыста жылусыз қалған еді», – деді ол.

Халық қалаулысының айтуынша, ЖЭО-ны жөндеу жұмысы бірнеше кезеңнен тұрады және ол 2025 жылдың соңына дейін аяқталуға тиіс.

«Сайлау науқаны барысында партия Төрағасы Ерлан Қошанов жергілікті жылу электр орталығына жөндеу жұмыстарын жүргізу мәселесін шешуге уәде берген еді. Бұл уәде партияның сайлауалды бағдарламасына енгізіліп, жаз мезгілінде нысанда жөндеу жұмысы басталды», – деді Е.Бейсенбаев.