Маңғыстаулық фермерлер мемлекеттің қаржылай қол­дауына зәру. Диқандарды Парламент Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» фракциясының мүшесі Еділ Жаңбыршин тыңдап, мәселенің шешілуіне атсалысатынын жеткізді.
Маңғыстаулық шаруалардың жанайқайы
743
оқылды

Қарақия ауданында 416 шаруашылық болса, оның 41-і егінмен айналысады. Маңғыстаулық егіншілер бәрін өсіруге дайын, тек мемлекеттен қолдау керек дейді. Бүгінгі кездесуге келген егіншілер осындай ұсыныстарын жеткізді. Егін шаруашылығында тамшылатып суару әдісіне субсидия қарастырылған. Алайда қарақиялық диқандар оны алмаған. Егін өсіру үшін құнарлы жер, тұщы су, электр энергиясы және түрлі тыңайтқыш керек. Егіншілер осыған да субсидия бөлуді сұрап отыр.

«Субсидия мәселесін басқаша қарау керек. Беріліп жатқан субсидиялар аздық етуі, кейбір мәселелерге байланысты субсидия жоқ болуы да мүмкін. Екінші мәселе – шығарған өнімді жинайтын жұмыс қолы жетіспейді. Басқа елдердің азаматтарын әкелуге шектеу бар. Сосын сату механизмін мына делдалдар алса да оның бағасын азғантай қосуы немесе өздері тіке сататындай бір мүмкіндік беруі керек әкімдіктер», – деді Еділ Жаңбыршин.