Кездесуде партияның 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша Жол картасының Алматы қаласында орындалу барысы туралы баяндама жасалды. Сондай-ақ филиал мен «Жастар рухы» Жастар қанатының атқарған жұмыстары туралы есеп тыңдалды.
Сенатор халықпен кері байланысты күшейту, өңірлердегі депутаттар жұмысының тиімділігін арттыру мен партияның Жастар қанатын қайта жандандырудың маңызды екенін атап өтті.
«Азаматтарды алаңдатқан мәселелерді шешу үшін жүйелі жұмыс жүргізу қажет. Бұл жерде өңірлердегі бастамалар маңызды рөл атқарады. Оның ішінде қоғамдық диалогты дамытудың берері мол», – деді Сұлтанбек Мәкежанов.