Салауатты өмір салты қа­жет­тілігі идеясын қалыптас­тыру­ға бағытталған Bolashaqqa Jol жобасы аясында Астанадағы «Триатлон» сая­бағында вело­жарыс өтті.
Астана жастары веложарысқа қатысты
568
оқылды

Астана қаласы әкімдігінің «Ас­тана жастары» ЖРО» КММ басшысы Шыңғыс Тілеулин жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау барысында ай сайын кемінде бір спорттық іс-шара өткізіліп тұра­тынын айтты.

– Елорданың 400 мыңнан астам тұрғыны – 14-35 жаста. Өкінішке қарай, соңғы жылдары жасөспірімдер арасында синтетикалық есірткіге деген тәуелділік және т.б. жаман әдеттер артып кетті. Салауатты өмір салтын ұстануға шақыратын бұл іс-шара алдағы жылдары дәстүрлі түрде өтеді деп сенемін, – деді Шыңғыс Тілеулин.

Бас-аяғы 100-ге жуық адам қатысқан веложарыста 1-орын Рауан Ибраһимге (14 жас), 2-орын Нико­лай Таржановқа (17 жас), ал 3-орын Данил Абраменкоға (14 жас) бұйыр­ды.

Конституция күніне орай өткен бұл іс-шара аясында кішкентай балаларға жақсы көңіл күй сыйлау үшін ерекше шоу-бағдарлама көрсетіліп, көбік-пати мен зумбадан шеберлік сыныптары да ұйымдас­тырылды.

Фото: el.kz