Мәжілістегі «АМАNАТ» партиясы фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев, Мәжіліс депутаттары Бақыт­жан Базарбек және Ермұрат Бапи де Алматыға жұмыс сапарымен барды.
Сайлауалды бағдарлама жүзеге асуда
638
оқылды

Олар «АМАNАТ» партиясы сайлауалды бағдарламасының Жол картасының жүзеге асырылу барысымен және Алматы қала­сының әлеуметтік-экономикалық даму жағдайымен танысты. Осы­лайша, халық қалаулары ал­ма­тылық жастармен кездесу бары­сында лудомания мәселе­сінің өршуі және оған қарсы жаңа заң жобасының тетіктерін тал­қылады.

Осы күні мәжілісмендер «AMANAT» партиясының Ал­маты қалалық филиалының ке­зекті XXXIV конференциясына қосылды. Конференция жұмысы­на Парламент Сенатының Қаржы және бюджет комитетінің төра­ғасы Сұлтанбек Мәкежанов, Мә­жілістің Халықаралық істер, қор­ға­ныс және қауіпсіздік комите­тінің төрайымы Айгүл Құспан, Алматы қаласы әкімінің орынба­сары Әлішер Әбдіқадыров, мәслихаттағы фракция мүшелері, қалалық Саяси кеңес мүшелері және партия белсенділері қа­тысты. Сондай-ақ фракция же­тек­шісі Елнұр Бейсенбаев «Қал­қаман» метростансасының құ­рылысы барысымен танысты. Бүгінде метрополитеннің үшінші іске қосу кешенінің құрылысы бойынша жұмыстар қарқынды жүргізілуде. «Қалқаман» метро стансасын салу жобасы Алматы қаласы бойынша «AMANAT» пар­тиясының сайлауалды бағдар­ла­масының 2.3-бөліміне енгізілген, онда 4 станса салумен 7,2 шақы­рым метро желісін кеңейту көз­дел­ген. Жоспарға сәйкес «Қал­қа­ман» стансасының құрылысын аяқтаудың жоспарланған мерзімі – 2025 жыл.

Алматы қаласының Кемел ша­ғынауданында «AMANAT» пар­тиясының Сайлауалды бағ­дар­ламасын іске асыру жөніндегі Жол картасы шеңберінде салы­нып жат­қан жаңа отбасылық-дәрігер­лік амбулатория жыл соңы­на дейін ашылады деп жос­пар­лануда. «AMANAT» партиясы фракция­сының мүшелері Айгүл Құспан мен Никита Шаталов Жетісу ау­данында салынып жат­қан осы ор­талыққа барып, жұмыс бары­сымен танысты.   Қазір бұл ауданда 124 мың емделушіге қыз­мет көр­сететін үш емхана жұмыс істейді. Қалған 50 мың тұрғын көр­ші ау­дандардағы ауруханалар­да ем алуға мәжбүр. Медициналық мекеме­лердің ең өткір тапшылығы Кемел шағынауданында, «Саяхат» ав­тово­кзалының жанында және Жұмысшы кентінің тұрғын ала­бында сезіледі.

«Жаңа отбасылық-дәрігерлік амбулатория жалпы практика дәрі­герлерінің, педиатрлардың, акушер-гинекологтардың каби­неттерін, сүзгі кабинетін, отбасын жоспарлау кабинетін, дені сау бала кабинетін, дәрігерге дейінгі, рәсімдік және егу кабинеттерін қоса алғанда, медициналық қыз­меттердің кең спектрін ұсынатын болады. Мұнда азаматтарға білікті медициналық көмек алу үшін барлық жағдай жасалмақ. Тұр­ғындар бұл амбулаторияның іске қосылғанын асыға күтіп жүр­генін және онда ұсынылатын бар­лық медициналық қызметті қуана пайдаланатынына сенім­дімін», – деп атап өтті мәжілісмен Айгүл Құспан.

Қазір нысан 97%-ға аяқталды. Жарықтандыру және әрлеу бо­йынша құрылыс-монтаждау жұ­мыстары жүргізіліп жатыр. Ны­санды биыл жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарлануда. Медициналық мекеме ашыл­ғаннан кейін Кемел шағынау­да­нының 22 мыңнан астам тұрғыны өз аймағында білікті медициналық көмек ала алады.